Бойының ұзындығы түбіне жетті
1899 жылы дүниеге келген австриялық Адам Райнер кезінде дәрігерлердің барлығын таңқалдырған адам. Ол ергежейліден бірден ұзынтұраға айналып шыға келді.
18 жасында Райнердің бойының ұзындығы 122,5 метр болған. Кемістігінің кесірінен Адам әскер қатарына қабылданбады. Алайда он жылға жетер жетпес ол 1 метрге өсіп кетті. Дәрігерлер оны тексере келе гипофизінен қатерлі ісікті анықтап, кифоз диагнозын қояды. 1930 жылы ақ халаттылар науқастан қатерлі ісікті алғанымен, ол өсуін тоқтатқан жоқ.
Адам өскен сайын жағдайы күрт нашарлап, төсек тартып жатып қалған. 1950 жылы ұзынтұра Райнер қайтыс болғанда бойының ұзындығы 2,34 метр болған. Мәйіті кремацияланған. Сүйегінің қайда жерленгені белгісіз.