84 күн аралықта туылған егіздер
Егіздер бір жатырда дамып, бір мезетте дүниеге келеді. Тек бірі екіншісінен бірнеше минут аралықта туылады. Ал егер минут күндерге созылып кетсе ше?
Бұл мүмкін емес дерсіз. Алайда әлемде талай қызық бар. АҚШ-тың Пенсильвания штатынының тұрғыны Пеги Ланн 1995 жылдың 11 қарашасында Анна есімді қызды дүниеге әкеледі. Ал оның сыңарын 84 күннен кейін босанған. Бұл медицина тарихында аралары ең ұзақ туылған егіздер ретінде сақталып қалды.