Вирусты гепатиттен қалай сақтануға болады?
Вирусты гепатиттер – кең тараған және адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, олардың бір бірінен айырмашылығы әжептеуір, әртүрлі вирустармен қозады. Бірақ, бәріне ортақ белгі – бірінші кезекте адамның бауырын залалдайды және оны қабындырады.
Этиологиясы бойынша гепатит А, В, С, Е, Д, G болып бөлінеді. Аурудың дамуының ұзақтығына байланысты жедел, жай өрбитін және созылмалы болып келеді. Гепатиттың аурулығына байланысты ауыр, орташа аурулықтағы және жеңіл түрі болады.
Вирусты гепатит «А» – бауыр зақымдануынан туындаған вирустық өткір жұқпалы ауру, ластанған су және азық-түлікпен тамақтанған кезде беріледі. Ауырған науқас адамдар инфекция көздері болып табылады.
Вирус гепатитінің қоздырғышы қоршаған ортаға нәжіс арқылы бөлінеді. Содан кейін дені сау адамның ағзасына сумен немесе тамақпен беріледі. Вирусты гепатит «А» сыртқы орта факторларына және дезинфекциялық құралдарға жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді, вирустық тамақ өнімдерінде өмір сүру ұзақтығы 1 жылға дейін жетеді.
Аурудың белгілері қарапайым: зәрдің түсі өзгереді, несептің түсі қоңырға ауысады, көздің белоктары сарғаяды.
Гепатиттің тағы бір белгісі – нәжістің түссізденуі, жүректің айнуы, тәбеттің жоғалуы, іштің ауруы.
Жұқпалы аурудың алдын алудың басты тиімді шарасы, екпе егу болып табылады. Жоспарлы екпе жасау 2 жасқа толған балаларға және шұғыл түрде ауру ошақтарында қатынастарда болған 14 жасқа дейінгі балаларға 6 ай сайын 2 екпе жургізіледі. Вакцинация көмегімен құралған иммунитет 20 жыл және одан да көп сақталады.
Тамақтанудың алдында, дәретханадан кейін қолды сабынмен жуу керек. Жеткіліксіз өңделмеген ет, балық етін және теңіз өнімдерін қолданбау қажет. Қайнатылған немесе құтыдағы таза суды ғана ішкен дұрыс.
А.НАРТАЙ,
Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының СӨСҚ дәрігері