Нашақорлық – індет, онымен күресу – міндет
Нашақорлық – адам баласының денсаулығына, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлықа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды. Еуразия жолдарының қиылысында орналасқан Қазақстанның геосаяси жағдайы есірткі тасымалдау үшін Ауғанстаннан Ресейге, одан кейін Еуропаға есірткі заттарын орасан зор мөлшерде контробандалық жолмен тасымалдауға қолайлы екені жасырын емес. Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымға шығарып, жанталаса қимылдап жатқан халықаралық есірткі синдикаттар мен ұйымдасқан қылмыстық топтар заңсыз тасымалдау кезінде, еліміздің тұрғындарын «Жол бойы» зақымдап улау салдарынан, республикамызда есірткіге тәуелді азаматтар саны айтарлықтай көбейіп отыр.
Елімізде есірткі заттарын дайындау, сақтау, тасымалдау және сату әрекеттеріне тыйым салынған. Алайда бала болашағымыз десек, ерекше қобалжу тудыратын мәселе жоғарыда атап көрсетілген жағдайлардың әсерінен есірткіге тәуелді тұлғалардың арасында кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің аса қауіпті дерт – нашақорлықа салынуы сонғы жылдары күрт өсіп отыр. Жылдан жылға олармен есірткі қолданудың әсерінен жасалған қылмыстар саны да артып келеді.
Есірткі бизнесі кез келген ұйымдасқан қылмыс секілді шектеуі жоқ және ұлт талғамайды. Есірткі қолдануға әсіресе құмарлық адам өмірімен қоғамдық үшін шын мәнінде қауіп төндіреді. Сондықтан да осы халықаралық сипатқа ие болып отырған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес және оның алдын алу басты мәселелердің бірі болғандықтан, аталған мақсаттағы іс-шаралар Түркістан облысының құқық қорғау органдарымен де тұрақты негізде атқарылып келеді.
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болшақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмылы көтерген жүк жеңіл» деген халық даңғылығының негізінде жалпы облыс тұрғындары болып келесідей маңызды міндеттерді атқату қажет деп есептейміз.
1. Ең алдымен уәкілетті мемлекеттік органдармен нашақорлыққа қарсы қоғамдық қорғаныс қабілетін әлеуметтік иммунитетті (наркоиммунитетті) қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін мемлекеттік әлеуметтік саясат, білім беру жүесіндегі жасар арасындағы ең көлемді мәдени-тәрбие жұмыстарын балалардың бос уақыттарын қоғамдық құнды ынталар мен биімділіктері негізінде ұйымдастыру арқылы жүзеге аса отырып, осы салада негізгі бағыт беретін күш – жергілікті атқарушы билік органдары мен азаматтық қоғам институттарыныңжұмыстарын жетілдіру және жандандыру, ең бастысы нашақорлыққа итермелейтін басты себептер мен жағдайларды зерделеу және оларды қалпына келтіру қажет.
2. Есірткі пайдаланатын адамдардың өз денсаулығына көзқарасын өзгерту, олардың санасына адам денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы туралы идеяны түсіндіріп, жеткізу маңызды психологиялық алғышарты болып табылатын салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу және енгізу. Өйткені, адамның өз денсаулығына козқарасының өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асыруын жеңілдетеді. Азаматтардың құқықтық сауаттарын арттыру арқылы өз еркімен немесе көндіру арқылы оңалу үшін жағдай туғызу.
Сонымен бірге, баспасөз беттері және электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа есірткінің зияны туралы кең колемде ақпарат бере отырып, есірткі пайдалануға жәе нашақорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын күшейту.
Есірткі заттары туралы теріс түсінік беретін ақпараттардың берілуі мен орналастырылуына жол бермеу және ол үшін жауапкерщіліктерін арттыру.
Құқық қорғау және нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың басты назарын халықтың есірткі құралдары мен психотроптық заттарға қол жетімділігін барынша шектеуге бағыттау. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алуға және оны емдеуге мамандандырылған мекемелердің материалдық-техникалық әлеуметін нығайту, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі ынтымақтастықты дамыту сияқты міндеттерді атқару қажеттілігін ескертуіміз қажет.
Қорыта айтқанда, қылмыстар мен зұлымдық аталуының туындалуына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне үздіксіз қарсы күрес жүргізу баршамыздың басты міндетіміз.
Д.ЯКУБОВ,
№3 Шымкент қалалық емхананың жалпы тәжірбиелі дәрігері