Үйдің тым таза болуы бала денсаулығына қауіпті

Oinet.kz 16-01-2020 788

Балалардың асқынған лимфобласт лейкозы (АЛЛ) көп жағдайда генетикалық бейімдікке және айналаның стерильді таза болуына байланысты. Ұлыбританиядағы Ракты зерттеу институты ғалымдары осындай қорытындыға келді. Бұл туралы MedicalXpress басылымы жазды.

Мамандар лимфобластты лейкозға арналған жұмыстарға метаанализ жасау арқылы бұл аурудың екі кезеңнен өтетінін анықтады. Бірінші – генетикалық мутация нәтижесінде ұрықта осы ауруға бейімдік пайда болады (бірақ мұндай генетикалық өзгеріске ұшыраған балалардың тек 1 пайызында ауру әрі қарай дамиды). Екінші кезең де негізгі рөль атқарады. Бұл кезде лейкозды суық тию сияқты жиі кезедесетін аурулар қоздырады.

Screenshot_65.jpg

Алайда, дейді зерттеу авторлары, бұл дертке өмірінің алғашқы жылын өзі қатарлы сәбилерге жақындамай, қоғамдық орындарға бармай, стерильді жағдайда өткізген балалар көбірек бейім болады. Керісінше, балабақшаға барған балаларда бұл ауру сирек кездеседі.

Бұл қорытындыға ғалымдар зертхана тышқандарына жасаған сынақтар нәтижесінде келіп отыр: стерильді жағдайда өсірген кеміргіштер кәдімгі ахуалда өскен тышқандарға қарағанда лейкозбен жиі ауырған.

Зерттеу жетекшісі профессор Мэл Грейвс мұны «прогресс парадоксы» деп атады. Оның айтуынша, балалар түрлі аурулармен сирек ауыратын дамыған қоғамдарда лейкоз жиі кездеседі. Өйткені, ондай жағдайда адамдардың иммундық жүйесі шынықпайды.

«Проблема инфекцияда емес, оның жоқтығында» дейді Грейвс.

Шамадан тыс минералды су денсаулыққа зиян
Америкалық дәрігерлер соңғы стадиядағы ракты жазуға болатынын дәлелдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу