Шамадан тыс минералды су денсаулыққа зиян
Ғалымдардың жаңа зерттеуіне сәйкес, минералды суды шамадан тыс тұтыну денсаулыққа үлкен зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы REN-TV телеарнасы хабарлады.
Анықталғандай, дүкеннен алынған минералды судың құрамында фтордың шамадан тыс көп болуы асқазан жұмысының бұзылуына ғана емес, қалқанша без обырының туындауына алып келуі ықтимал.
«Фтор флюороздың өрбуіне алып келеді, тіс морт сынғыш болып, қалқанша без, бүйрек зақымдалады, тестостерон бөлінуі төмендейді. Адам бойында шаршаңқылық пайда болады. Сүйектер де әлсірей бастайды», - дейді гастроэнтеролог Татьяна Бандурина.
Ресейлік қадағалау ұйымының сарапшылары ауқымды зерттеу жүргізіп, қазіргі уақытта заңсыз зауыттарда минералды емдік су шығарылатынын анықтаған. Осылайша, қазір ресейлік дүкендердегі минералды судың 40-80 проценті жасанды. Сарапшылардың айтуынша, тіпті заңсыз дайындалған минералды судың өзі де барлық жағдайда емдік бола бермейді.
«Минералдық құрамы бойынша кемшіліктер бар. Кей суларды қандай да бір элементтердің мөлшері шамадан тыс жоғары. Мысалы, бір суда фтордың мөлшері жоғары болды. Ал, тағы бір суда минералдандыру мөлшері қаптамада көрсетілгеннен әлдеқайда жоғары болған. Мұндай суды дәрігердің қадағалауымен ішу керек. Әйтпесе, денсаулыққа үлкен нұқсан келтіру мүмкін», - дейді ведомство мамандары.
Сонымен қатар, олардың айтуынша, шыны бөтелкелерге құйылған емдік су бір тәуліктен соң өз қасиеттерін жоғалтады.