Адам қандай жағдайда шөлге ұзақ шыдай алатыны белгілі болды
Францияның дәрігері Ален Бомбарды кеме апатқа ұшыраған кезде ондағы адамдардың үш күннің ішінде қырылып қалатыны қатты қызықтырды. Өйткені адам тамақсыз 30 күн, ал сусыз 4 күн өмір сүре алатыны дәледенген факт. Мұның қыр-сырын зерттеу үшін Ален 1952 жылы 65 күндік саяхатқа Атлант мұхитына аттанады. Резинадан жасалған қайыққа мінген ол өзімен бірге бір түйір нан, бір тамшы су алмайды. Ұзақ сапарда дәрігер тек балық аулап жейді. Осылайша ол 65 күн сусыз саяхаттап, аман-есен құрлыққа оралады.
Бомбар тәжірибеден кейін мынадай тұжырымға келеді: егер адам дүрлікпей, байбаламға салмай, өз-өзін сабырға шақырса аштыққа да, шөлге де ұзақ шыдай алады екен.