Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Ашығу ілімінің ғылыми негізін қалаушы американдық ғалым Поль Брэгг жастайынан көксаулықтан (туберкулез) әлжуаз, аурушаң болып өседі. П.Брэггті емдеп жүрген дәрігері «Поль, алты айлық өмірің қалды, енді өз әрекетіңді жасап, қамдана бергін!» деп оны емдеуден бас тартқан екен. Амалы құрыған азамат халықтық емдеу тарихында көнеден қалған, бірақ ұмытылып бара жатқан аштықпен емдеу тәсілінен хабары бар бір дәрігер жолдасының айтуымен аптасына 24-36-48 сағаттан, әр үш айда 7-10 тәуліктен аштықты үзбей ұстап жүреді. Көп ұзамай Поль ауруынан құлан таза айығып, 95 жыл салауатты өмір сүреді...
Ғалым денсаулығы жақсарғанан кейін қалған ғұмырының барлығын аштықты ұстау іліміне арнайды. П.Брэггтің ең атақты «Ашығудың кереметі» кітабы көптеген тілдерге аударылып, миллиондаған тиражбен басылып, дүние жүзіне таралған. Бұл оқулықты қазақша сөйлеткен, ашығу ілімін өз-өзіне тәжірибе жасаған жазушы, аудармашы – Әсет Мұқашбеков.
Поль Брэгг 1976 жылы 95 жасында Флорида жағалауында серфингпен теңіз толқынында сырғанап жүрген кезінде асау толқынның астында қалып кетіп, қайғылы қазаға ұшырайды. Патологоанотомдар (дәрігерлік сараптамашылар) ғалымның мәйітін арнайы зерттеп тексергенде, оның жүрегі мен қан тамырлары және ішкі құрылыс ағзаларының саулығы жас жігіттердікіндей, ал буындарының иілгіштігі мен терісінің жұмсақтығы жас баланікіндей екенін ғылыми түрде дәлелдеп, әлемге жария етеді. «Менің тәнім ешқашанда жас мөлшерін білмейді!» деп айтқан П.Брэггтің іліміне бүгінде көптеген ғалым, дәрігер, қарапайым адамдар сүйенеді.
Поль Брэгг денсаулықты түзеу негізіне дұрыс тамақтану жүйесін басшылыққа алған, етті мүлдем жемеген, балықты өте сирек пайдаланған. Өзінің жүйесінде ашығу бағдарламасына көп көңіл бөлді. Шоғырланып қалған улардан, қалдықтардан, маңқадан, тұздан ағзаны тазалау үшін: аптасына бір тәулік, 3 айда бір қабат апталық ашығу бағдарламасын ұстауды ұсынды, ашығу кезеңінде тек таза буланған су ғана ішу керек деп үйретті.