Ас содасы: пайдасы мен зияны

Oinet.kz 15-01-2020 1396

image_l.jpg

Кішкене күнімізден қорабы мен түр сипаты өзгермейтін ас содасын XVIII ғасырдың соңында француз химигі Леблан ойлап тапқан. Содан бері бұл өнім көптеген қолданысқа жарап келеді. Бүгінде ас содасын химиялық, жеңіл, тоқыма, медициналық өнеркәсіпте, тіпті металлургияда да пайдаланады. 

Үй шаруасында ас содасы көбіне аспаздықта және дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Ас үйде сода түрлі бәліштер пісіру үшін қопсытқыштың орнына жүреді. Сонымен қатар, сусындар дайындау үшін, еттің дәмін шығарып, тез дайындау үшін және де ыдыс-аяқ жуу үшін пайдаланады. 

Ем-дом ретінде соданы жөтелді жеңілдету үшін қолданады. Ас содасы қақырық түсіруге көмектеседі. Тамақ ауырғанда шаюға пайдаланады. Бактерия өлтіргіш соданың суық тиюді басуға пайдасы зор. Жүрек қатты соғып кеткенде кішкене соданың сұйық ерітіндісі жүрек соғуын тыныштандыруға көмектеседі. Гипертония кезінде ағзадан суды шығарып, қан қысымын төмендетеді. Ағзаның көп мөлшерде судан арылуында – іш өткенде, құсу кезінде сода-тұз сұйық ерітіндісін араластырып береді. Жәндік шағып алғандағы қышуды тоқтату үшін де қолданады. Соданың сұйық ерітіндісімен клизма ішектерді тазартуға болады. Суық тигенде соданың сұйық ерітіндісімен ингаляция жасаса көмектеседі. Конъюнктивит кезінде кішкене сода қосылған сұйықтықпен көзді сүрткен пайдалы. Аяқтың таз ауруы кезінде кішкене сода қосылған сұйықтықпен ауырған жерді таңады. Тіс тазалауға да көмегі көп. Шынтақ, өкше терілерінің қабыршақтануын жібіту үшін сода қосылған жылы суға салған абзал. Ас содасы асқазанның қыжылы кезінде асқазандағы тұз қышқылын басады. 

Дегенмен, ас содасын пайдаланғанда оның әкелер мол пайдасы мен зияны да бар екенін ұмытпаған жөн. Ұнтақ түріндегі содада сұйық түріне қарағанда сілтілік қасиеті көп. Ұзақ уақыт терімен байланыста болса, тері тітіркенуі мүмкін, ал құрғақ сода көзге тисе немесе иіскеген болса – күйіп кетеді. Сондықтан ұнтақпен ұзақ уақыт жұмыс істейтін болсаңыз, респиратор пайдаланған жөн. Ал егер көзге түскен болса бірден мұқият жуыңыз. Соңғы кездері дәрігерлер асқазан қыжылы кезінде сода араластырып, сұйықтық іше бермеуге кеңес береді. Өйткені бұл да жанама әсер етуі мүмкін. Бұл өз кезегінде «қышқыл рикошет» деген атау алып, біріншіден көмірқышқыл газын көп бөліп, асқазанның кебуіне әкеледі. Екіншіден, асқазанда одан бетер қышқыл пайда болуына ықпал етеді. Бұдан шығатын қорытынды, ас содасының қасиетін жақсы біліп, пайдалана алатын адамға зиянынан гөрі, пайдасы көбірек тиеді.

Бауыр мен бүйректі, көз бен тісті де өсіріп шығаруға болады
Әдемі қартайған Поль Брэгг
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу