Ағзаның жұмысын реттейтін тиімді әдістер
Бойыңызды жайлаған дерттен арылудың көптеген жолдары бар. Бірі дәрі ішуді қарастырса, енді бірі емдік шөптермен емделуді жөн санайды. Ал, кейбірі күнделікті тұрмыстық заттарды қолдану арқылы өзіне емшара жасайды. Ендеше біз сіздерге бүгінгі лайфхакымызда денсаулықты, бет терісін және ағзаны күтудің ең тиімді жолдарын ұсынамыз!
Тіс щеткасы беттегі қара дақтардан арылуға көмектеседі!
Жұмсақ тіс щеткасы мен тіс пастасын пайдалану арқылы қара дақтардан оңай құтыла аласыз. Бетіңіздегі проблемалық аймақтарға щетка арқыл, аздап тіс пастасын жағыңыз. Бұл әдіс өз нәтижесін беруі үшін сіз жай ғана тіс пастасын қолданбаңыз. Ол үшін шалфей, түймедақ және қалақай сынды дәрілік өсімдіктер қажет.
Бас сақинасы ауруын емдеудің қарапайым әдісі
Егер сіздің басыңыз қатты ауырып, қолыңызда дәрі-дәрмек болмаса, мұз бен ыстық су қолданыңыз. Аяғыңызды ыстық суға салып, басыңызға мұзды қойыңыз. Сол сәтте температураның айырмашылығы байқалады. Ағзадағы қысымды реттеп, қан айналымын жақсартады. Бастысы ауырсынуды басады.
Мұрынның бітелуіне қарсы
Егер тұмау тиіп, мұрныңыз бітелсе тіліңізді аспанға қаратып, саусағыңызбен қастарыңыздың арасындағы гнүктені басыңыз. Бұл әрекетті бірнеше рет қайталасаңыз, демалу оңайырақ болады.
Әбден шаршап, қажыған аяқтарға не істеу керек?
Аяқтың шаршап, ісінуі ыстық ауа-райына да байланысты. Шаршауды жеңілдетіп, ісінуді азайту үшін аяғыңызды мұзды сумен уқалаңыз. Кішкене бөтелкеге су толтырып, аяғыңыздың астына қойыңыз да ары бері қозғалтыңыз. Сол сәтте аяғыңыз салқын судың арқасында демалады.
Тіс ауруын қалай жеңілдетуге болады
Тісіңіз ауырып, мазасызданып жүрсеңіз – спирт сізге жәрдемге келеді. Мақтаға спиртті қойып, ауырған тістің жанында сақтаңыз. Спирт зардап шеккен аймақтарды микробтардан тазартады. Аспирин дәрісін қолдану тіс ауруын жеңілдетуге арналған ең жақсы әдіс.
Темекіні қалай тастауға болады
Монша қабылдау денені темекі шегуден кейін тез қалпына келтіріп, шылым шегуді доғаруға көмектеседі. Темекі шеккеннен кейін 3 күн ішінде моншаға барыңыз. Ол денеңізді никотиннен арылтып, өкпеңізді тазартуға көмектеседі. Таза организм темекіні қайта қабылдауға қарсы тұрады.
Егер тамағыңыз ауырса, зефир жеңіз
Тәттілер, мармеладтар тамағыңызды ауыртып, жұтқыншағыңызды қыздырады. Егер тамағыңыз жыбырлап, тітіркену байқалса «зефир» жеңіз. Сонда ғана ауырсыну басылып, өзге тағамдарды жұту оңай болады.
Тамағыңыз жыбырласа!
Егер тамағыңыз жыбырлап, тыным бермей қойса жұтқыншақ жолын тырнап, құлағыңызды уқалаңыз. Құлақ сүйектерінде орналасқан жүйке ұштары, тамағыңыз қызғандағы ауыртпалықты жеңілдетеді.
Су мен лимонды аралыстырып ішіңіз!
Мұнда бәрі қарапайым: кішкене ыдыстағы лимон шырынына қант пен мұзды араластырып, тоңазытқышқа салыңыз. Күн сайын таңыңызды осы сусынды ішумен бастаңыз. Себебі, оның құрамында мол дәрумен бар. Ол ұйқыңызды ашып, күніңізді керемет бастауға көмектеседі. Алайда, лимон шырынының тіс кіреукесіне зиянды екенін ұмытпаңыз. Сондықтан, тіске зиян тигізбес үшін мұқият сұйылтып, араластырыңыз.
Сондай-ақ, лимонның тағы бір қасиеті артық салмақтан арылтады. Лимон мен тұз – ағзадағы токсиндерді шығарып, қосымша салмақтан арылуға көмектесетін сиқырлы қоспалар. Лимон мен тұз араласқан сусынды ішу ішектің қозғалысын арттырып, тәбетті жақсартады. Тамақтағы артық калорияны сездірмейді. Зерттеулер бұл қоспаның зат алмасудың жеделдететіндігін растайды. Ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметінше, суды көп мөлшерде қолдану ағзаны қосымша қуатпен қамтамасыз етіп, артық калориядан арылтады.
Серуендеу ағзаға жеңілдік сыйлайды
Кешкілік жұмыстан шыққан уақытта бірнеше шақырым жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз. Себебі, таңнан қара кешке дейін бір орында отыра беру сіздің ағзаңызға кері әсерін тигізелі. Егер ұдайы серуендеп тұрсаңыз сүйектер мен буындарда қозғалыс болып, ағзадағы қан айналым жақсара түседі. Мәселен, кофе сатып алсаңыз оны арнайы дүңгіршектерде отырып ішудің қажеті жоқ. Жәй ғана көшеге шығыңыз да жол бойында қадам басыңыз. Көп уақытыңызды серуенге арнамасаңыз да, күніне бір сағатыңызды жаяу жүруге қисаңыз, денеңіз сізге алғысын білдіреді. Үлкен мекемелерге барсаңыз лифт немесе эскалатордың орнына баспалдақты пайдаланыңыз. Әрине, баспалдақ арқылы көтерілгенде аяғыңыз ауырып, басыңыз айналуы мүмкін. Бірақ, ол сізге кедердгі болмауы тиіс. Себебі, жаяу көтерілу тыныс жолдарыңызды реттеп, жүрегіңізді май басудан сақтайды. Ағзаңызда қан айналым болып, денеңіз ауыртпалықтан арылады!
Өзіңіз байқағандай адам өзін жақсы сезіну үшін көп ақшаның, қымбат дәрілердің қажеті жоқ. Күнделікті тіршілігіңізді жүйелеп, жоспар бойынша әрекет етсеңіз жеткілікті. Қарапайым өміріңізге – қарапайым згерістер мен ережелер енгізсеңіз бәрі де оңынан болмақ. Әрбіріңіз осы лайфхактан кейін аз күннің ішінде денсаулықтарыңызды ретке келтіретіндіктеріңізге сенімдімін. Ендеше, сәттілік!