Жылқы иісі...
04-11-2023
Жылқы жануары – қазаққа жақын төрт тұяқтының бірі. Ежелден бері ата-бабамыз баланы жастан ат жалынын тартуға үйреткен. Жалпы ат үстінен түспеген қазақтар арғымақтың денсаулыққа пайдасының бар екенін білмеді деуге келмейді. Тек иппотерапияны патенттемеді деуге келетін шығар. Ия, төрт түлік жылқымен емдеу әдісі медецинада иппотерапия деп аталады.
Салт атпен жүру – әрі ем, әрі денешынықтыру. Ат – табиғи массаж. Адамның жүрек қағысымен бірдей соғатын жалғыз жануар жылқы екен. Сондықтан оның жүрісі де адамдікіне ұқсас келеді. Атпен серуендегенде барлық бұлшық ет қозғалысқа түседі. Ас қорыту жұмысына да мың да бір ем. Ал психологтар атпен жүру адамның сенімділігін арттырады дейді. Мәселен, жарымжан көңілді бала үшін биікке көтерілу, яғни атқа міну қорқынышты, сенімсіздікті жеңгенмен бірдей. Яғни, бала атқа мінгенді мәртебе санайды. Ал жүре алмайтын балалар өздерін жүріп келе жатқандай сезінеді екен. Иппотерапия тірек-қимыл аппаратының бұзуылында, атеросклероз, бас сүйек жарақатында, полимиелитте, асқазан-ішек ауруларында, простатитте, ақыл-ой жетіспеушілігінде ұсынылады.
Сәйгүлікпен емдеу орталықтары бүгінде барлық елде бар десек қателеспейміз. Сондай-ақ сұранысқа ие терапиялардың бірі. Мұндай орталықтарды Қазақстанның бірнеше қалаларынан кездестіруге болады.