Леонардо да Винчи - мәйіттерге диссекция жасауға рұқсаты болған суретші
Атақты картина Мона Лизаның авторы Леонардо да Винчи адам келбетін салудың шебері ғана емес сонымен қатар адамның ішкі мүшелерін салудың да шебері болған. Бір қызығы суретшінің мәйіттерге диссекция жасауға рұқсаты болған екен. Мәйіттерге «қызығушылығының» нәтижесінде Леонардо жүрек, бүйрек секілді ағзалардың суретін сала отырып, олар туралы қосымша ақпараттарды да жазып кеткен.
Әйгілі қылқалам шеберінің туындыларын көрген британдық кардиохирург Фрэнсис Уэллс алғаш рет митралды жүрек қалқаншасына ота жасауды үйреніпті. Уэллс суреттерге қарай отырып екі мыңға жуық науқасқа ота жасап қана қоймай, жоғарыда аталған ауруға байланысты протездерді жасап шығарған. Осылайша суретшінің өнері кардиохирургтарға шабыт берген.