Ауыздағы жағымсыз иіс неден пайда болады?

Oinet.kz 25-12-2019 1558

Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы жиі кездесетін жағдай. Мұндайда түрлі сағыздар, аэрозоль және тіс пастасын іздеп кететініміз бар. Солардың ішінде қолжетімдісі, әрине, сағыз. Дүкенде, әсіресе, жалбыз қосылған сағыздар самсап тұр. Олардың ауыздан шыққан жағымсыз иісті кетіретіндігі туралы жарнамасы да «айғайлап» тұр. Статистикалық мәліметтерге қарағанда адамдардың 20 пайызы бұл қиындықтан құтылу үшін жалбызды қолданатын көрінеді. Жалбыз расымен де ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді ме? 

Screenshot_6.jpg

Мұндай проблемаңызды жалбыз қосылған сағыздар мен мұздар шешпейді. Сарапшылар жалбыз ауызды жағымсыз иісті кетірмейді, керісінше одан әрі үдете түседі дейді. Дантистер кез-келген сағыздың құрамында қант кездесетіндіктен жалбыз қосылғанына қарамастан оның тіске зиян екеніне және ауыздан шыққан демді тазартпайтынына сенімді. Стоматологтардың ақылына құлақ түрсек, олар балғын демге қол жеткізу үшін таңертең йогурт, жеміс-жидек жеген әлдеқайда пайдалырақ дейді. Әсіресе, алма мен балдыркөк жағымсыз иіс тудыратын бактерияларды шаятын сөлді көбірек бөлетін көрінеді. 

Ауыздағы жағымсыз иіс неден пайда болады? Жер бетіндегі адамдардың 52 пайызы ғана мамандар кеңес еткендей тісті күніне екі мәрте тазартады екен. Тісті жиі тазартпау оның гигиенасының бұзылуына әкеліп соғады. Жағымсыз иіс те содан пайда болады. Сондай-ақ дұрыс тамақтанбау (темекі шегу, қоспасы көп сусындар ішу мен түрлі дәрі-дәрмекті жиі қабылдау) да демнің балғындығын бұзады. 

Тіс гигиенасын сақтағаныңызға қарамастан аузыңыздан жағымсыз иіс кетпесе, дәрігерге көрінгеніңіз дұрыс болар. Себебі бұл асқазан ауруларының алғашқы белгісі болу бек мүмкін. 

Қыста ағзаға қандай дәрумен қажет?
Гаймориттен қалай емделуге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу