«Күлкілі маска» пациенттің көңілін аулайды

Oinet.kz 23-12-2019 1082

Көптеген адам үшін маска киген хирург немесе стоматологтың көрінісінен зәресі қалмайтыны белгілі. Оларға көмекке креативті дизайнерлер келуді ұйғарыпты. Онысы - әдеттегі бір түсті маскаға «күлкінің» суретін салып, пациенттің көңілін көтеру екен. Идея авторларының пікірінше, «ыржиып» тұрған хирургты көрген пациент өзін еркіндеу ұстап, қорқынышы азаяды.

Screenshot_21.jpg

Айталық, Германияның Гамбург қаласындағы ауруханалардың біріндегі тіс дәрігерлері осындай күлкілі масканы  киіп жүреді. Оны балалардың тісін емдейтін кезде киіп, тым болмаса моральдық түрде демеу білдіру үшін тағады екен. 

Жапония мен Қытайда осындай масканың түр-түрін  табуға болады. Тіпті жануарлардың, мәселен жолбарыстың тұмсығы бейнеленген масканы да байқай аласыз. 

«Автограф» қоямын деп бас бостандығынан айрылды
Болашақтың медициналық киімі қандай болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу