Адамның ең көп дегенде қанша жыл өмір сүретіні анықталды

Oinet.kz 23-12-2019

Нидерланд ғалымдары адамның ең ұзақ дегенде қанша жасай алатынын анықтады. Бұл туралы lenta.ru Тилбург университетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ондағы ғалымдардың есебі бойынша, әйелдер 115,7 жыл, еркектер 114,1 жыл өмір сүре алады. Жасы 95-тен асқан адамдардың үш есе көбейгеніне қарамастан, 1986-2015 жылдар аралығында ең жоғары өмір ұзақтығы өзгермепті. Бұған қарап авторлар адам өмір сүру ұзақтығының шегіне жетті деп қорытынды жасап отыр.

Screenshot_9.jpg

Зерттеу авторлары соңғы отыз жылда қайтыс болған, жасы 94-тен асқан 75 мың нидерландтың өмір ұзақтығына статистикалық сараптама жасаған.

2016 жылдың қазан айында жария етілген зерттеу қорытындысында американ медиктері адамның орташа ең ұзақ өмір сүру ұзақтығы 115 жас, ал ең шегі 125 жас деген болатын.

Есте сақтау қабілетін жақсартудың оңай жолы табылды
Маскүнемдік тұқым қуалай ма?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×