​Мейірбикелер жайлы фактілер

Oinet.kz 22-12-2017 1341

Мейірбикелерсіз дәрігерлер түк те істей алмас еді.Назарларыңызға мейірбикелер жайлы мәліметті ұсынамыз. 

Screenshot_21.jpg

1. Мейірбикенің ресми анықтамасы келесідей: «Медициналық қызмет, ол адам өз бетінше жұмыс істемейді, медициналық тексеру және емдеумен шұғылданбайды, тек дәрігердің бақылауымен науқасқа қатысты нұсқаулар  мен тағайындауларды орындайды». 

2. Тұңғыш рет мейірбике мамандық ретінде 1854 жылы Севастополь қаласының қорғанысы кезінде пайда болған. Оған орыстың хирургы Николай Пирогов септігін тигізген. Қоршауда қалған қалаға келіп, жаралылардың көптігін көрген ол дәрігерлердің шамасы жетпейтінін түсінді. Сол кезде жарақаттанған  жауынгерлерді емдеу ісіне көмекке  қыз-келіншектерді шақырады. Бастапқы кезде мейірбикелер бұл жұмысқа еріктілер ретінде  тартылып, жұмысына жалақы алмайтын. Оларға тек тамақ, киім және тұратын баспана берілген.  

3. Мейірбикелердің көмегімен Пирогов Севастопольді небәрі 12 күнде тәртіпке келтірді. Қырым соғысына 200-ден астам мейірбике қатысқан. Барлығы да ерекше күміс медальдармен марапатталды. Соғыс каезінде 17 мейірбике қаза тапты.   

4. 1820 жылғы 12 мамырда Флоренс Найтингейл атты ағылшын әйелі дүниеге келді. Пироговқа мейірбикелік қызметті ұйымдастыруға көмектескен ол тұңғыш ресми мейірбике ретінде мойындалған.  

5. Бүгінгі таңда АҚШ-та 2,9 миллионнан астам мейірбике қызмет етуде. Статистика бойынша, әр дәрігерге 4 мейірбикеден келеді екен. Ал осы елдегі 10 мейірбикенің бірі жоғары білімді маман болып табылады.  

6. Мейірбикелік қызметті ер азаматтар да атқарғанымен, олардың саны тым аз. Әр елдегі көрсеткіш те әртүрлі. Мәселен, біздің елде осы мамандықты атқарып жүрген ер азаматтар жалпы мейірбикелер санының 3,5 пайызын құраса, АҚШ-та 6 пайызға жуықтайды.  

7. Батыс елдерінде мейірбикенің жұмыс ауысымын 10 сағаттан асыруға тыйым салынған. Мейірбе осы уақыттан көп жұмыс істейтін болса оның қателікке бой алдыру және науқастардың денсаулығына қатер төндіру қаупі анағұрлым арта түседі деген түсінік бар.  

8. Мейірбикелердің  халықтың жан басына шаққандағы ең көп саны Финляндияда тіркелген: 100 мң адамға 2162 мейірбике. Ең азы Гаитиде – 100 мың адамға бар болғаны 5  мейірбике. 

9. АҚШ-тағы мейірбикенің орташа жылдық жалақысы 41 мың долларды құрайды.  

Әлемдегі ең ірі бизнес - фармацевтика
Әлем елдеріндегі мейірбикелердің жалақысы қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу