Әлем елдеріндегі мейірбикелердің жалақысы қандай?

Oinet.kz 22-12-2017 1216

Медицина саласы үшін мейірбикелердің маңызы өте зор. Әйткенмен, әр елде олардың еңбегі әрқилы бағаланады. Мейірбикелердің өз табысына көңілі тола ма? Осы тұрғыда шетелдік мейірбикелер арасында жүргізілген сауалнамаға назар аударыңыз.

Screenshot_22.jpg

- Табысыңыз жеткілікті ме?

- Еңбек ету жағдайлары көңіліңізден шығады ма?

Никита, Индонезия, 31 жаста

Айлық табысы: 158 доллар

1. Иә, мен бір өзім өмір сүргендіктен, табысым жеткілікті. Жалақым ауруханамыздағы пациенттер мен жаңадан туылған сәбилердің санына байланысты. Әр әйелді босандырғаным үшін 50 000 рупия аламын. Хирургиялық операцияларға жәрдемдескенім үшін қосымша 100 000-200 000 рупия төленеді. 

2. Айтарлықтай қиындықтар жоқ. Жұмыс кестесі өзіме ыңғайлы. Әрқайсысы 3 сағатқа созылатын екі ауысымда жұмыс істеймін. Аурухана тарапынан жатақханада бөлме беріледі, онда үзіліс кезінде демаламын. Медициналық сақтандыру полисі менде жоқ болса да, сырқаттанған жағдайда тегін емдеу шаралары мен дәрігердің консультациясы қамтамасыз етіледі. 

Олеся Пушкарева, Беларусь, 29 жаста

Айлық табысы 140 доллар  

1. Жоқ. Айына 430 000 рубль жалақы аламын. Отбасылық кеңесте менің жалақым коммуналдық шығындарды төлеуге жұмсалатын болып шешілді. Өзіміз  бір бөлмелі пәтерде тұрамыз. Одан тек 100 000 рубль артылады. Ол ақшаны өзімнің жеке қажеттіліктеріме жұмсаймын. Ал отбасының негізгі шығындарын өтеу жұбайымның мойнында. Ол құрылысшы, табысы аса жаман емес – миллион рубль. Бірақ, бұл тек ең негізгі қажеттіліктерге  жетеді.  Сондықтан, көп үнемдеуге тура келеді. 

2. Иә. Жұмыс орнымда еңбек заңнамасы сақталады деп есептеймін.  

Сандра Клифстра, Голландия, 39 жаста

Айлық табысы  1 944 доллар

1. Жалақыма  100% көңілім толады деп айта алмаймын. Нормаланбаған жұмыс уақыты үшін үстеме ақы қосылғанның өзіндегісі осы. Дегенмен, бұған көнуден басқа амалым жоқ. Барлығы да қызметтік міндеттер жүйесіне байланысты болғандықтан, төмен жалақы жайлы әңгіме қозғаудың қажеті жоқ екенін түсінемін.  

2. Жұмыс орнында атқаратын шаруалар көп, сәйкесінше уақыт тым аз. Ауысымдағы уақытым нақты бекітілмеген. Кейде үш апта бойы демалыс күндерінде кезекшілікке шығып, тек төртінші аптадағы демалыс күнінде үйде боламын. әр айда жағдай өзгеріп тұратындықтан, жұмысымнан бөлек жеке шаруаларымды дұрыстап жоспарлай алмаймын. Дегенмен, пациенттердің ризашылық білдіруі көңіліме медеу болады.  

Мирта Ланес, Парагвай, 47 жаста, 

Айлық табысы 531 доллар

1. Жоқ. 

2. Жұмыс беруші еңбек заңнамасын сақтайды. Күніне 6 сағат жұмыс істеуіме рұқсат беріп отыр. Бұл отбасылық өміріме көбірек уақыт бөлуіме мүмкіндік бергенімен, жалпы алғанда көңілімнен шықпайды. Мен төрт бөлімнің жұмысын үйлестіру үшін жауап беремін. Кейде жұмыс бабымен 700 шақырым қашықтықтағы елді мекендерге баруға тура келеді.  Жалпы, менің ойымша мейірбикелердің еңбегін дұрыстап бағалау керек. Олар денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің 80 пайызын құрайды. Алайда, жалақы төлеуге келгенде өз деңгейінде бағаланбайды. 

Элейн Джонсон, 57 жаста, Оңтүстік Африка республикасы

Айлық табысы 352 доллар

1. Жалақым аз деп есептеймін. Қазіргі жұмыс орнында 16 жылдан беру еңбек етіп келемін. Әйткенмен, басқа мейірбикелердің де жалақысы менікімен шамалас, тіпті оданда төмедері бар. 

2. Жұмыс берушім еңбек заңнамасын сақтап отыр. Жыл сайын демалысқа шығамын, мерзімнен тыс жұмысыма ақша төленеді. Жалақы жылдан жылға өсуде. Бірақ, айлық мәселесінде жұмыс беруші бізбен ақылдаспайды, шешімді өзі қабылдайды. 

​Мейірбикелер жайлы фактілер
Ешкі сүтінің пайдасы қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу