Құтыру деген не?
Ауруды қоздырушы – өте ұсақ вирустар. Вирус ауру хайуанаттың сілекейінен бөлінеді. Ауру жануарлардың тістеу салдары арқылы сілекейі тырналған, зақымдалмаған теріге, мұрын, ауыз және көзге түсуі арқылы жұқтырылады.
Табиғатта инфекцияны қасқырлар, түлкілер, қарсақтар, мангустар таратады. Қазіргі таңда ауру қаңғыбас иттер және мысықтардан беріледі, сондықтан, олар құтырған хайуандар мен ауырып қалған үй жануарларының арасын байланыстырушы болып табылады. Олардан ауру адамға берілуі мүмкін. Жануарлардың құтыру белгілері әр түрлі болады.
Негізгі белгілері – сілекейінің ағуы, судан қорқақтау, ызалану, тартылу. Иттер мен мысықтардың құтыру түрі әлдеқайда қатты болады. Жануарлар бұрыш-бұрыштарға тығылып, үйден жиі қашады, нашар тамақтанады. Иттер жеуге келмейтін кез келген заттарды мүжгілей түседі. Дауыстары қырылдап қалады, не болмаса құрып кетеді. Құтыру ауруының қауіптісі – тыныш баяу түрі. Бұл кезеңде ауру түрі әлсіз байқалады және кеш таралады. Ауру адамға жануардың тістеп алу салдарынан жұғады. Бас, бет, мойын, қол және аяқтың тістелуі ең қауіпті болып саналады. Егер құтыру ауруына күдікті жануар тістеп алса, міндетті түрде құтыру ауруына қарсы дәрі егілуі керек. Антирабикалық вакцина және антирабикалық иммуноглобулин – өлімнен құтқаратын жалғыз амал.
Ит-мысық тұқымдастарының қандай түрлері болса да, үй жануарларының иелері оларды жыл сайын тұрғылықты жерінде ветеринарларға тексертіп, құтыру ауруына қарсы дәрі ектіруі тиіс. Ол жануарлардың арнайы құжаттарында белгіленеді. Мұндай шара жүргізілмеген иттерді алаңдарға, фермаларға, табындарға жібермеу қажет.
Ит не мысық тістесе, міндетті түрде травматологқа қаралып, толық емдік курсын алу керек.
Адамдарды тістеген ит пен мысықтар міндетті түрде үйсіз-күйсіз жүретін жануарларды аулайтын арнайы мекемеге, 10 күн ішінде ветеринар мамандардың қадағалауына оқшаулауға жеткізілуі керек. Оқшаулау мерзімі аяқталғаннан кейін сау жануарлар вакцинациядан кейін 30 күн ішінде иелеріне қайтарылады.
Ауруға душар болған жануарлар Қазақстан Республикасының заңына сай жойылады. Ауру жануарлар болған барлық жер дезинфекцияланады. Ауырмаған жануарларды жабайы хайуанаттар тістесе, егілгеніне қарамастан өлтіріледі. Үй итін қысқа шынжырмен ұстау керек, ауыз қабы болуы міндетті. Оны қаңғыбас бөтен ит-мысықтарға жақындатпау керек.
А.САТКУЛОВА,
№3 Шымкент қалалық емханасының эпидемилог дәрігері