Бариятриялық отадан кейін күтіну жолдары
Семіздіктен құтқарудың әдісі ретінде бариатрия әлемдік медициналық қауымдастықты әлдеқашан мойындатқан. Әйткенмен, түпкі нәтиженің тиімділігі тек операцияның сәттілігіне емес, пациенттің өмір сүру қағидалары мен әдеттеріне байланысты. Бариатриялық операциядан кейінгі сақтану режиміне назар аударыңыз.
- Тамақты аз порциямен, күніне 5-6 рет ішу. Оның құрамында ақуыздардың болуы маңызды, себебі бұл элементтер асқазанның операциядан кейінгі жазылуын жеделдетеді.
- Газдалған сусынды, алкогольді ішімдік ішуді тоқтату.
- Асқазанды шунттаудан соң сусынды тамақтанғанға дейін немесе одан кейінгі 10-15 минутта ішу.
- Кофе мен шәйді аз ішу қажет (күніне әрі кетсе 2 шыныаяқ).
- Тәттілер мен қантты тұтынуды шектеу.
- Белгіленген уақыттарда витаминдерді қабылдау.
- Үнемі дене шынықтырумен шұғылдану (күніне кемінде 30 минут). Әсіресе жүзумен шұғылданудың пайдасы мол.