Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Алмантас Маляцкас – кәрі құрлық медицинасындағы айтарлықтай белгілі маман. Литвалық хирург күні бүгінге дейін 4 мыңнан астам күрделі бариатриялық операция жасаған. 2001 жылы Швецияның Готенбург университетінің жанындағы ауруханада аранйы оқып, практикадан өткен профессор АҚШ-тың Питсбург Медициналық университетінде Лапароскопиялық Эзофагинаьдық Резекция мен Торакоскопиялық процедуралар бойынша тәлім алды. 2007 жылы өзінің туған қаласы Каунастағы медициналық университет госпиталінде Бариатриялық хирургтерді даярлаудың халықаралық орталығын ашады. Онда Орталық және Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінен келген жүздеген дәрігер біліктілігін жоғарылату мүмкіндігін алды. Ол Эстония, Латвия, Польша, Чехия, Словакиядағы бариатриялық хирургияның дамуына зор үлес қосты. Испания, Франция, Біріккен Араб Әмірліктерінде лекция оқиды. Профессор Маляцкас жуырда Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға арнайы келіп, шеберлік сыныбын өткізді.
Доктор Алмантастың қазақстандық әріптестеріне үйретері мол. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бариатриялық операциялар әлемде айрықша қарқынмен тарап жатыр. Себебі, семіздік дертіне әлем халқының едәуір бөлігі ұшыраған. Литвалық маманның айтуынша, қазір Қазақстандағы әрбір төртінші азамат асқазанды шунттау операциясына мұқтаж екен. Солай бола тұра халқының саны біздікінен екі есе аз Швецияда бариатриялық операциялар саны Қазақстандағыдан екі есе жоғары екен.
Асқазанды шунттау – асқазанды кішірейту немесе үлкейтуді білдіреді. Операциялар кіші инвазиялық хирургия әдісімен, яғни, кеспей жасалады. Соңғы жылдары бүкіл әлемде осындай әдіспен ота жасауға тырысуда, өйткені операциядан кейінгі асқынулар жиілігін көп төмендетеді, қалпына келтіру кезеңі мерзімдерін қысқартады және оңалту процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар, пациенттің денесінде классикалық ашық операциялардан кейінгі үлкен кесіктер ізі қалмайды.
- Асқазанды тарылту бойынша стандартты операциясынан кейін оның көлемі шамамен 20-30 мл көлемге кішірейеді, - дейді Алмантас Маляцкас. –Бұл екі асхана қасығынан кем емес. Алайда, бұл кішкентай асқазаннан тамақ бірден аш ішекке түседі. Бір ішкенде 200 грам тамақ қабылдауға болады, бірақ өте жәй ішу керек. Операциядан кейін аштық сезімі едәуір төмендейді. Осындай операциялардан кейін асқынулардың болмайтыны өте маңызды. Өлім-жітім де аз.
Адам салмағы нормадан 60-70 келі артық болса, патологиялық семіру деп есептеледі. Зертеулерге сәйкес, операциядан кейін пациенттер 60-80% артық салмақтан айырылған, ал қалыптасқан диета көмегімен емделіп арықтау 10% ғана нәтиже береді. Еуропаяда мұндай операциялар бірнеше мың еуро тұрады. Бізде медициналық қызметтерге төлем жасау комитеті арқылы мемлекет қаржыландырылады. Асқазан ауруларының асқынуына, адамның семіруіне әсіресе фаст-фуд пен газдалған сусындардың қосындысы қатты әсер етеді. Көшедегі ағамды күнделікті тұтынатын жандар көп. Бірақ, мәселе соңғы кездері сәнге айналған фаст-фудты жеуді азайтуда ғана емес.
Пациенттерді іріктеу дене салмағы индексі сияқты арнайы көрсеткіштер бойынша қатаң жүргізіледі. Олар хирургтардың, эндокринологтар және басқа да мамандардың тексеруінен өтеді, өйткені семірумен ауыратын науқастардың сусамыр (диабет), жүрек-қан аурулары, тірек-қозғалыс аппараттары бұзылуы сияқты ілеспе дерттерге ие болады. Операциямен іс бітпейді. Жағдайды қалыптандыру үшін пациенттің дәрігерлердің барлық кеңестерін қатаң сақтауы маңызды. Алайда нәтиже кез-келген қиналуға тұрады, науқастардың көпшілігі отадан кейін тек артық салмақтан арылып қана қоймайды, сондай-ақ денсаулығын түзеп, толыққанды өмір сүре алады.
Статистика бойынша бұрын қант диабетімен ауырған адамдардың 80%-ы асқазанды шунттау операциясынан кейін енді үнемі дәрі ішіп тұруды қажет етпейді. Қан қысымы жиі көтерілетін адамдарда да өте жақсы нәтижелер тіркелген.
Айта кетерлігі, біраз жылдан бері Алмантас Маляцкас екі елде жұмыс істеп келеді. 2003 жылы Швециядағы Сальгренск қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Американың Бостон қаласына екі апта сайын оқуға кетуге мәжбүр болғанда, орнына литвалық хирургты қалдырып жүрді. Кейіннен шведтер талантты хирургты тұрақты жұмысқа шақырды. Бірақ, профессор Маляцкас Литвадан кеткісі келмей, екі апта сайын Швецияға барып келіп жұмыс істейтініні жөнінде шарт қойды. Шведтер бұған келісті.
Маляцкастың айтуынша, әу бастан-ақ Швецияда жұмыс істеу оған оңайға соқпады. Ең үлкен кедергі – жергілікті тілді білмеуі еді. Готенбургтегі хирургиялық клиниканың бас дәрігері Ханс Лонгрот мамыр айында «үш ай ішінде швед тілін жетік меңгеруің тиіс» деген талап қойды. Ал жаз кезінде Каунаста швед тілінің оқытушысын тауып көр. Сондықтан, профессор шет тілін өз бетінше меңгеруге көшті. Қыркүйек айына дейін 3000-ға жуық швед сөзін жаттап шықты. Алайда, әріптестер және науқастармен емін-еркін сөйлесіп кету мен түсінісу әлі де қиын еді. Осыны көрген аурухана басшысы барлық персоналға ағылшын тілінде сқйлеуге тыйым салуға дейін барды. Тек осы қадамнан кейін ғана Маляцкас швед тілін бір айдың ішінде жетік меңгерді.
Өзінің Литвадан кеткісі келмейтінін профессор былайша түсіндіреді: «Мен Швецияға амалым қалмаған кезде, айталық, сонау 1994 жылдағыдай айына бар-жоғы 7 доллар табыс тауып отырғанымда ғана қоныс аударар едім. Онда да толық емес, уақытша. Шетелде өзімді әрдайым қонақ болып сезінемін. Қайбір жылы үйден үш ай бойы жырақта жүргенім бар, сол кезде қатты қиналдым. Қазір екі апта сайын Швецияға кетемін, бұл әлдеқайда жеңіл. Оның үстіне, Скайп арқылы күн сайын отбасыммен байланысып тұрамын», дейді профессор.
Әлбетте, белгілі маманның бір ғана шеберлік сыныбынан кейін жергілікті мамандардың жаңа әдістемені толық игеріп кете қоймас. Әйткенмен, шетелден білікті хирургты шақыртып, тәжірибе алмасу Оңтүстіктегі медицинаны ең жоғары стандарттарға жақындататыны сөзсіз.