Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Денсаулығымыз бен сымбатымызды сақтау үшін қажет деп білетін әдеттер қай-қайсымыздың болмасын бойымыздан табылады. Олардың жемістерді жуу немесе тұрақты түрде спортпен шұғылдану сынды кейбірі, шындығында да, пайдалы болса, қайсыбірінің дұрыстығы мен пайдалылығы санамызда сандаған сауалдар туындатады.
Бұл орайда ешқандай пайдасы жоқ әдеттер тізімін жасап, назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Детокс-емдәм көмегімен ағзаны тазарту
Танымалдық алып келе жатқан детокс-бағдарламалар ағзаңызды улы заттардан тазартуға уәде береді. Мамандар бірауыздан сау ағзаның мұндай міндетті өздігінен атқара алатынын айтады. Егер бауырыңыз бен бүйрегіңіз тікелей міндетін орындай алмаса, дәрігерге қаралуыңыз керек.