Бактерияға қарсы гельдер пайдалы ма?
Қол жууға арналған бактерияға қарсы гельдер, шынымен де, вирустар мен бактериялардың көптеген түрін жояды. Алайда ол құрамында кемінде 60% спирт бар гельдерге қатысты. Басқалары барлық микроағзаларға бірдей әсер ете бермейді.
Мысалы, олар норовирус пен криптоспоридийлерге қарсы қауқарсыз. Және пестицидтермен байланысқа түскен кезде және қолыңыз қатты кірлегенде құрамында спирті бар құралдар да көмектесе алмайтыны тағы бар. Бұл жағдайда қолыңызды сабындап жуғаныңыз абзал.