Дәрінің әсері қай кезде әлсіз болады?

Oinet.kz 06-12-2019 1083

Ауырып-сырқағанда адам дәрі-дәрмек ішеді. Бірақ кейде оның пайдасы болмайды. Неге?

Screenshot_2.jpg

1. Дәрі атаулының бәрі дәрігердің тағайындауымен, белгілі тәртіппен қолданған дұрыс. Дәріні ішпес бұрын оның нұсқамасын мұқият оқып, жанама жағымсыз әсерлері жөнінде біліп алған абзал. Қандай да күдік-күмән туса, тез арада дәрігермен кеңескен дұрыс. Бұл дәрігердің дәріні дұрыс мөлшерлеп беруі үшін керек.

2. Дәріні сауатсыз қолдану да қауіпті. Оның қанға дұрыс сіңірілуіне қабылдау уақытының да қатысы зор. Мысалы, парацетомолды ашқарынға ішкенде жарты сағаттан соң әсер береді, ал оны астан кейін ішсе, екі сағаттан соң әсер етеді.

Жүрек ауруларына арналған препараттарды ашқарынға ішпейді, өйткені оның күшін асқазанның қышқылы бейтараптандыруы мүмкін. Ал кей дәрілер асқазан қышқылымен әсерлесе келе қанға сіңбей қалады. Сондай-ақ тетрациклинді қышқыл сүт өнімдерінен кейін қолдануға болмайды. Кальций препараттарын тек тамақ алдында ғана ішуге болады. Өйткені олар тек майлы қышқылдармен ғана байланысады. Сондықтан ас кезінде ферменттер қабылдаған жақсы. Ал ацетилсалицилл қышқылын ашқарынға ішуге болмайды.

Егер дәріні ашқарынға ішу керек болса, оны таңертеңгілік астан жарты сағат бұрын қабылдау керек. Ал тіл астына қоюға арналған дәрілерді кез келген уақытта қолдануға болады. Өйткені олар ба¬уыр мен асқазанға соқпай, қан арқылы-ақ ағзаға сіңеді.

Сондай-ақ науқас бірнеше дәрі қабылдайтын болса, олардың өзара үйлесіміне де мән беруі керек. Қателік кетсе, жағымсыз әсері тиюі мүмкін.

3. Жалған дәрілерден де абай болған дұрыс. Олар оң әсер бермесе қорқыныш жоқ, ал жақпай қалатын болса қиын. Ал мұндай дәрілерді қалай тануға болады?

- Дәрінің парақшасына қараңыз, онда жағымды-жағымсыз әсерлері туралы жазылады. Дәріханада сертификатын сұрап, түбіртек алу керек, түпнұсқамада нұсқама қағазы «гармонь» сияқты шиыршықталып, қорап сыртына ораулы тұрады.

- Дәрінің түсіне қараңыз, оның қандай екені нұсқамада жазылады. Онда сондай-ақ қолданылу мөлшері, иісі, тағы басқа да ерекшеліктері жөнінде көрсетіледі.

- Сақталу мерзімін тексеріңіз. Ол қорапта және дәрі түйірлерінде жазулы болады.

- Препаратты сақтау тәртібін қараңыз. Кей дәрілер қараңғы жерде сақталуы тиіс. Мерзімі өткен дәріні қолдануға болмайды, зияны тиюі мүмкін.

...Міне, дәрі қолданғанда осы мәселелерге мән берген жөн. Әйтпесе дәрінің пайдасынан гөрі зияны тиюі әбден мүмкін.

Ғасыр дерті - обыр жасарып барады
Ұйқының пайдасы мен зияны қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу