Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
14 маусым 2005 жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен Донор күні ретінде аталып өтеді. Бұл дата - адам қанының АВО тобын бірінші ашқан австриялық дәрігер және иммунолог Карл Ландштейнердің (1868-1993 жж) құрметіне белгіленген. Осы күні қан тапсыратын донорларды ынтаналандыру және донорлыққа жаңа адам тарту мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстар кеңінен ұйымдастырылады. Дүниежүзілік Донор күні- басқа мейрамдардан ерекше мереке. Атаулы дата қан донорларының маңыздылығын ұмытпас үшін ұйымдастырылады. Адам ғұмырына ауадай қажет саналатын қан өнімдері, одан алынатын әр түрлі компоненттер мен препараттар әзірлеуді, сақтауды, донорларды жасақтау қызметін атқарып, әрі қажетіне қарай емдеу мекемелерінің сұраныстарын тәулік бойы қамтамасыз ететін бірден бір мекеме--Облыстық қан орталығы.
Адам ағзасындағы қанның атқаратын рөлі орасан зор. Донорлар бұл күні қан орталықтарына келіп ақысыз қан тапсырып, адам өмірін сақтап қалуға қол ұшын береді. Бұл- өте қайырымды, сыйлы, құрметті әрекет. Қан құю арқылы ғана өмірді сақтап қалуға болатын ауру түрі өте көп. Әрбір адам батыл қадам жасап, донор бола алады. Донорлық қан әр сағат сайын, әр минут сайын қажет! Өз қанын тапсыру- біреуге өмір сыйлауды білдіреді.
Облыстық қан орталығында қан тапсыратын донорларға 100 пайыз ақысыз қызмет көрсетіледі. Соңғы жылдары облыста жас донорлар қатары көбейіп келеді. Әсіресе, жас мөлшері 18-25 жас аралығында жоғары оқу орындарында оқитын студенттер жиі донор бола бастады. Бұл- қуантатын жағдай.
Білікті басшы Сүндет Рахымбердиев тізгінін ұстаған Оңтүстік Қазақстан облыстық қан орталығының жұмысы жайлы айтқанда, қауіпсіздік шараларына ерекше назар аудармаса болмайды. Орталықта қауіпсіздік қатаң бақыланады. Донор қанын немесе оның компоненттерін дайындау ісі толығымен бір рет қана қолданылатын жүйелер арқылы атқарылады. Донор мен рецепиенттің (науқастың) денсаулығына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дәрігерлер бірнеше тексеріс кезеңін жүзеге асырады. Қан орталығының зертханаларында қан арқылы жұғатын ВИЧ инфекциясы, В және С гепатиттері, сарып пен мерезге екі деңгейде зертханалық сараптама жүргізіледі. Зертханада тексерілмеген қан науқасқа құюға жіберілмейді.Бүгінде облыстық қан орталығы жаңа заман талабына сай қажетті медициналық және зертханалық талдау жүргізетін құрал-жабдықтармен жеткілікті қамтылған.
Адам өміріне арашашы болуға ниеттеніп, өтеусіз қан тапсырғысы келген әрбір жанды облыстық қан орталығы қуана қарсы алады. Бірақ донор болатын адамның жасы 18-ден асқан, денсаулығы дұрыс әрі қолында төлқұжаты болуы шарт. Соның өзінде кез келген адам донор бола алмайды. Өйткені олар қан тапсырар алдында дәрігерлік және зертханалық тексеруден өткізіледі.
Қан тапсырғанда адамның қан айналу және иммундық жүйесі жақсарып, жүрек-тамыр, қатерлі ісік ауруларына шалдықпайды. Ең бастысы, донор өз денсаулығын тексертіп, өзге жанның өмірін сақтап қалады. Донор бар-жоғы 450 мл. қан тапсырады және оның орны бірнеше күн ішінде қалпына келеді, бұдан адам ағзасына ешқандай зиян тимейді.
Дүниежүзілік қан донорының күнін ұйымдастырудағы негізгі мақсаттар:
Донорлық қанның қорын жеткілікті деңгейде ұстау; Тұрақты, жыл бойы донорлықтың қажеттілігі туралы жалпақ елді ақпараттандыру; Тұрақты түрде қан тапсыратын тұлғаларға тиісті сый-құрмет көрсету және алғыс білдіру; Жас ұрпақты донор болуға үгіттеп ынталандыру.
Донор болып адамзат өміріне үміт сыйлайық!
Жайнар Астанаева,
Облыстық қан орталығы директорының медицина бойынша орынбасары