Суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек

Oinet.kz 20-11-2019 2127

Суға бату.jpg

Адамды судан алып шыққанда абайлап артынан жүзіп келу керек. Батқан адамды шашынан немесе қолтығынан ұстап, бетімен жоғары қаратып және оған өзіңді ұстауға мүмкіндік бермей, жағаға қарай жүзген жөн. Зардап шеккен адамды судан алып шыққаннан кейін, басы кеуде клеткасынан төмен болу үшін ішімен бүгілген тізеге жатқызады және кез келген мата бөлігімен ауыз қуысын және жұтқыншақты судан және құсық массаларынан тазалайды. Одан кейін трахея және бронхтардан суды шығару үшін кеуде клеткасын күшті қозғалыстармен қысады. Суға батқанда тыныс орталығының параличі 4-5 минуттен кейін пайда болады, ал жүрек қызметі 15 минутқа  дейін сақталуы мүмкін. Ауа жолдарын судан босатқаннан кейін, зардап шеккен адамды тегіс жерге жатқызады және жасанды тыныс беруге кіріседі. Қажет болғанда жүректің сыртқы массажы жүргізіледі. Реанимацияны ұзақ, бірнеше сағат бойы өзіндік тыныс қалыптасқанша немесе биологиялық өлімнің нағыз белгілері пайда болғанша жүргізеді.

Зардап шеккен адамға көрсетілетін алғашқы көмек  ретінде бірден судың бетінде алдын ала дайындалған көмекші затпен өкпенің жасанды вентиляциясы. Қайықта және жағада ауа өткізуші заттарды, ауыз, мұрын маскасын немесе Рубен қабын қолданады. Сыртқы ұйқы артерияларында пульс анықталмағанда лезде жүректің жабық массажын жасай бастайды. Зардап шеккен адамның есі бар болса, оған мүсәтір спиртінің буларын иіскеуге береді, тері жабындыларын ысқылайды және жылы көрпеге орайды. Егер сіз суға кету жағдайларының куәсі болсаңыз нөмірі 112 құтқару қызметінің телефонына қоңырау соғыңыз.

А. Абилдаева, 

№1 Шымкент қалалық емханасының педиатр дәрігері

Жарақаттанғанда не істеу керек?
Донор болу - сыйлы әрекет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу