Жарақаттанғанда не істеу керек?
Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен ағзаларының зақымдануы, сыртқы себептердің- аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, ағзаның зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен ағзалары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.
Жарақаттың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу, қансырау, қан кету, жара инфекциясы, өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, өкпе, бүйрек) бұзылуы.
Адамдардың жарақаттану және қаза табу деңгейін төмендетуге не мүмкіндік туғызады? Біріншіден, қауіпсіздікті, қауіпсіздік ережелерін сақтау және арттыру үшін жауапкершілік шараларын қамтамасыз ету керек; екіншіден, кең бұқаралық тұрғындардың салауатты және қауіпсіз өмір салтына насихаттау жүргізу, алғашқы көмек көрсете білуге ықпал ету керек.
Ғ.Асанов,
№1 Шымкент қалалық емханасының хирург дәрігері