Шөп шапқан Мағрипа ақылынан адасты
17-09-2022
Кез келген қазақ кемінде екі ақыл айтады. Соның бәрін өзі істесе, адам боп кетер еді...
Адам негізінен өз бойынан көргісі келетін қасиеттерді, жұмыстард басқаға кеңес етіп айтатын секілді.
Бұл кеңес беру ниеті қайдан пайда болады?
Бізге өзімізді құзыретті сезіну өте маңызды. Сен өмірде белгілі бір жолды өтіп, ол туралы түсінік пен пікір аласың,және оны бірден бөліскің келеді.
Кеңес берген бір жағынан дұрыс-ақ. Ал екінші жағынан біз 100 % сыналған, тәжірибеден өткен кеңес айтып тұрмыз ба? Біздің айтып тұрғанымыз қаншалықты рас? Біз айтып тұрған кеңестерімізден ләззат алып тұрған жоқпыз ба?
Теңдесіз, баға жетпес ақпаратпен бөліспес бұрын, сұхбаттасушыға сіздің кеңесіңіз қажет пе деген сұрақ қойыңыз.
Кеңесті сұраған кезде ғана айтыңыз.
Сіздің қаншалықты айтқыңыз келіп тұрса да, өзіңізді айтуға міндеттімін деп есептесеңіз де, сізден сұрамай ақыл айтудың қажеті жоқ. "Ақылшы" әдетіңізден арылыңыз.
Ешқашан оны кемсітпеңіз.
Адамдарды дұрыс бағалаңыз. «Осыны да білмеуге болады ма?», «Бұл деген ең қарапайм нәрсе ғой» деген фразалардан аулақ болыңыз, олар сіз бен сіздің досыңыздың арасына шек қоятын шарбақ сөздер саналады.
Эмоцияларыңызды сақтаңыз.
Ақыл айтамын деп келеке етіп немесе қатты ашуланып кетудің қажеті жоқ. Оның көңіл-күйіне бір сәт қараңыз. Өз сөздеріңізге мұқият болыңыз, қатты беріліп кетпеңіз.
Сыни көзқарастан аулақ болыңыз.
Шынайы боламын деп, қатты сынап-мінеп жіберудің де қажеті шамалы. Бұл достықтарыңызға, қатынастарыңызға сызат түсірері анық.
Ерлер мен әйелдерге бірдей кеңес екі түрлі әсер етеді.
Оларға кеңес берерде оның кім болып табылатынын естен шығармаңыз.