Банан қабығына екінші өмір сыйла!
Күміс жалтыратқыш құрал.
Банан қабығын күмістен жасалған түтікшелерді жылтырату үшін пайдалануға болады. Оны блендерде ұнтақтаңыз, тіс пастасының консистенциясын алғанға дейін су қосыңыз. Содан кейін жұмсақ матаны және дайындалған массаның аз мөлшерін пайдаланып, күмісті сүртіңіз. Содан кейін ыдыста қалған банан қалдықтарын жуып, жылтырауын қалпына келтіру үшін бетін жұмсақ матамен жабыңыз.
Аяқ киімге арналған крем.
Банан қабығындағы табиғи майлардың, қабығындағы балауыздың арқасында оны былғары аяқ киімдерді майлау және жалтырату үшін пайдалануға болады. Аяқ киімді банан қабығының ішкі жағымен сүртіңіз. Одан соң құрғақ майлықпен сүртіп тастаңыз.
Сызылған CD немесе DVD дискіні қалпына келтіру.
Дискіні банан қабығымен ысқылап шықсаңыз сызылған таспа су жаңа болып шығады.
Тіс тазартқыш.
Банан қабығын сонымен қатар тіс ағартқыш құрал ретінде пайдаланады. Бұл процедураны күніне 2-3 рет жасап отыру қажет.
Тікенді алып тастауға болады.
Банан қабығын тікен тірген саусаққа 24 сағатқа таңып қою қажет. Банан қабығы тікенді тері сыртына шығарады, сіз оны оңай алып тастайсыз.
Күйіктер, жеңіл жарақаттар мен зиянкестер шаққанда.
Банан қабығы табиғи майлар мен ферменттердің бірқатарын қамтиды, олар күннен күю немесе жаралар кезінде ауырсынуды жеңілдетеді,сондай-ақ олардың тез жазылуына ықпал етеді. Сонымен қатар, ол масалар мен басқа да жәндіктерден қабынуды және тітіркенуді азайтады.
Сүйелді кетіреді.
Бананның қабығын халық емінде сүйел кетіруші ретінде қолданады.. Оның ішкі жағын сүйелге орап, пластырьмен бекітіп, 1 түнге қалдырыңыз. Сүйел жоғалғанша процедураны қайталаңыз. Кейбір сүйелдерден арылу үшін бір аптадан аз уақыт қажет болуы мүмкін, басқаларын кетіру бір айға созылуы мүмкін.
Теріге пайдасы.
Банан қабығындағы минералдар мен антиоксиданттар тері саулығын сақтау үшін жақсы құрал болып табылады. Оның ішкі жағымен бет, мойын және дененің басқа бөліктерін сүртіңіз. Бұл сіздің теріңізге пайдасын тигізеді, оны ылғалдайды және әжімдердің пайда болуын азайтады.