Баланы қалай жұбатуға болады?

Oinet.kz 18-09-2019 1594

Кішкентай нәресте түнде оянып бәрін мазалағанды ұнататыны белгілі. Ата-аналары жұбату мақсатымен қолына алады, көтереді. Өлең айтады, жарық қоспды. Қу бала ұйықтағандай болып, кішкене тынышталады. Алайда біраз уақытта бұл қайта басталады.

Көптеген ата-аналар балаларының түнде тыныш ұйықтауы үшін барын берер еді.

Әрине, кейде бір жері ауырып, қарны ашқаннан айғай салуы мүмкін, дегенмен 100-дің 80 процентінде олар жай көңілін аудару үшін, әңгімелескісі келіп, сенесіз бе, әңгімелесу үшін жылайды.

Егер балаңыз әлі омырауда болса «жыламаса, жата берсін!» деген қағидамен жатқызып қоймаңыз. Қозғалыс – балалар үшін бұлшық еттердің дамуы ғана емес, сондай¬ақ ақыл-ойдың да дамуы. Сондықтан үй шаруасымен айналысып жүргенде де балаңызды қолыңызға барынша жиірек алғаныңыз дұрыс. Мұның бірнеше оң жақтары бар. Біріншіден, жұмыстарыңызды істеп үлгересіз. Екіншіден, жан¬жағыңыздағы заттарды көрсетіп, не істеп жатқаныңызды айтып, балаңызбен көбірек сөйлесесіз. Үшіншіден, ұзақ уақыт құшағыңызға алуға мүмкіндік болады. Ең бастысы, сіздің түрлі қозғалыстарыңыздан бала да сол қозғалыстарға икемделуді меңгереді. Басынан осылай тәрбиеленген бала көзіне көрінген затқа жабысуды қояды, жүре бастағанда да әр қадамына барынша мұқият болады

Аяғын енді басқан сәбиді үнемі қолтығынан демеу – ата¬ананың үлкен қателігі. Мұндай қателікке орын бергеннен гөрі, балаңыз жығылғанда бір жерін қатты ауыртып алмауы үшін, аяғының астына жұмсақ көрпеше төсегеніңіз дұрыс

Алғашқыда балаңызды адам аздау жерге апарудан бастағаныңыз дұрыс. Сондай¬ ақ абыр¬дабыр, шудың да бәсең болғаны жөн. Егер нәрестеңіз әлі де жасқа толмаған болса, оны құшағыңызға қысып ұстаңыз, ал аяғын басқан бала болса, міндетті түрде қолынан қысып, жетектеп жүрегеніңіз абзал. Анасының қолынан ұстап жүрген бала өзін қауіпсіз сезінеді. Осылайша балаңызды көпшілікке үйретіңіз, бойын билеген қорқынышын сейілтіңіз.

Психологтар «Балалармен жаңа туылған кезінен бастап сөйлесіп, айналада болып жатқанның бәрін айтып, түсіндіріп отыру керек», – дейді.

Баланы үлкен доптарға отырғызып ойнату да жақсы жаттығу болмақ. Сондай¬ақ қыдыруға шыққанда балаңызды әткеншектерге жиі отырғызуға дағдыланыңыз. Спорттық үйірмелерге жаздырыңыз. Олардың кез келгені де баланың бойындағы үрейін жойып, жинақы болуына көп көмек болмақ

Мектепке дейінгі жастағы балаларда шаршау ашу, қызбалық арқылы көрініс табады. Айталық, емшектегі баланы уақытында ұйықтатпаса, ол ұзақ уақыт жылап, ұйықтамауы мүмкін. Сондай¬ақ күндізгі демалыс омыраудағы балаларға ғана емес, одан үлкендерге де керек. Егер де олар күндізгі ұйқыдан бас тартқан болса, күндізгі уақыттың бір¬бір жарым сағатын ойын тыныштандыратын, демалдыратын іспен айналдырған дұрыс. Бұл, әрине, теледидар мен компьютер емес

Психологтар кітапты оқып бергеннен гөрі, оның мазмұнын айтып берудің, ертегі айтудың жөн екенін есімізге салады. Ертегіні айтқанда да дауыс ырғағына, оқу мәнеріне көп көңіл бөлу қажет. Үш жасқа дейінгі балалар үшін ертегі кейіпкерлері ретінде жануарларды алған дұрыс. Балаңыз ұйықтап қалмаса да, жақсы демалатыны сөзсіз

Жұмыста қалай есіңнен адасып кетпеуге болады?
Шаш жалғау зиян ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу