Масадан қалай құтылуға болады?
Жаз. Қандай керемет мезгіл. Хауызға шомылу, күнге қыздырыну, таңертеңгісін сәкіде ояну. Иә, жазды ұзақ күтеміз. Бірақ біздің бүкіл қиялдарымыз бен мазамызды қашырып қанішер масалар көбейе бастайды. Тек ауылда ғана емес, қанішердің ең қансорғыш түрлері қаладан табылып жатады. Ұйқыны бұзған залымды ұстап алып ұрса да алмайсың, қуып жетіп қылқындыра да алмайсың. Масадан құтылудың жолы бар ма?
Маса негізінен жылуды жақсы сезеді екен. Жарықтан шыққан жылу, жануар, адам бойынан шыққан жылуларды маса жақсы сезеді. Ол сол жылуға магнитше тарытылып ыстық қаныңыздың біршама бөлігін сорып алады.
Үй жағдайында масалардан қалай құтылуға болады? Бүгінгі күні ұшатын зиянкестерге әсер ететін көптеген препараттар бар. Бөлмеде пайдалану үшін фумиганттар, түтін негізінде әрекет ететін құралдар, шығарылады. Осындай құралдардың бірі – антимоскит спираль. Оның жұмыс істеу принципі өте қарапайым: спиральдің бір ұшы жанып, біртіндеп түтін шығара бастайды. Спиральдің құрамындағы заттар жәндіктердің тыныс алу жүйесін бұғаттап, олардың өлуіне ықпал етеді.
Қансорғыштардан қорғануда негізінен эфир майлары мен қарапайым дәмдеуіштер маңызды рөл ойнайды екен. Мысалы, құрғақ және майлы түрінде қалампыр – ең танымал қорғаныс құралдарының бірі. Егер сізде қалампыр қауызы бар болса, бес грамм ыстық су құйып, 15-20 минут қайнатыңыз, тұнбаны бүріккіш арқылы теріге жағыңыз. Сізге маса түгілі, тарақан да жақындамайтын болады.
Масахананың тіпті 50 милиметрге жетпейтін тесігінен маса ойлпанбастан өтеді екен.
Маса өлтіретін иістер
1.100 грамм валерьянка немесе камфора майын оттықпен буландырсаңыз, маса мен шыбындар маңайыңызға да жоламайтын көрінеді.
2. Мойыл немесе шетен жидегінің жапырақтарын ұсақтап турап, денеңізге жағып алыңыз.
3. Масалар қалампыр, насыбайгүл, бәден, эвкалипттен жасалған эфир майларынан да "қорқады".
4. Бадам ағашының бұтақтарын бөлмеге қойып қойсаңыз, тыныш ұйықтайсыз.
5. Табиғат аясына шыққан болсаңыз, аршаның бұтақтарын жағып қойыңыз.
6. Балқарағай майы масаларды ғана емес, шыбындар мен тарақандардан қорғайтын қабілетке ие.
7. Бетіңізді жусан тамырынан жасалған тұнбамен жусаңыз, бірде-бір жәндік сізді шақпайды.
8. Масадан қорғайтын электрлік зат - фумигатор таусылып қалса, дүкенге жүгіруге асықпаңыз. Бос ыдысқа эвкалипт сұйықтығын құйыңыз. Масалар сіздің үйге келетін жолды "ұмытып қалады".
Адам баласына әсер еткені секілді масаға да жағымсыз иістер әсер етеді екен. Сондықтан жазда жоғарыда көрсетілген иісмайларын қолданып, жайбарақан өмір сүріңіз.