Қалай тез оянуға болады?

Oinet.kz 20-08-2019 1551

son-1024x561.jpg

        Тәтті ұйқы мен жылы төсекті жападан жалғыз тастап кету қиын-ақ. Тағы да бірер минут ұйқы сізге сіздің таңғы асыңыздан, күні бойғы түр келбетіңіз бен көңіл күйіңізден маңызды болса мақала сізге арналмаған. Ал егер сіз шынымен де белгіленген уақытта оянуды әдетке айналдырғыңыз келсе, бірнеше қулыққа жүгінуіңізге айналыруға тура келеді. 

  • Оятқышты орныңыздан тұрмай жатып мүлде сөндірмеңіз. Кейінге қалдырған 5 минут, 10 минут сізге сергектік сыйламайтыны анық. Сондықтан да қанша ұйқыңызды қимай тұрсаңыз да бірден орныңыздан тұрып кетуге тырысыңыз. Оның үстіне дәрігерлердің айтуынша, қайта ұйқыға кету алғашқы ұйқыдан да тереңірек болады, сол себептен ояну әлдеқайда қиындай түседі.

  • Ұйқыдан лезде ояну үшін арнайы ұялы телефон қондырмаларын орнатып алыңыз. Мәселен Sleep Cycle. Осы секілді арнайы программалардың арқасында сіз ұйқы режимін қалыптастыра аласыз.

  • Мынай қызықты теория бар. Адам ұйқыдан оянған 9 минутында аяқта қимылсыз тұрса, оның ұйқысы ашылып, сергіп қалатын көрінеді. Кім біледі көмегін беріп қалар, 9 минут қайда кетпей жатыр.

  • Ұйқыдан оятатын тағы бір қарапайым тәсіл су ішу. Әрине, шелектеп емес, тек тамағыңызды шаю үшін бір-екі жұтым су ішсеңіз әжептәуір оянып қалады екенсіз. Осы таңертеңгілік бір жұтам судың өзінен адам қажетті дәрумендерін алуға бейім екен.

  • Жуынып, су ішіп болғаннан соң, міндетті түрде жақсылап керіліңіз. Бұл сізге керемет жаттығу болады, буындарыңызды әбден созыңыз.

  • Автобуста қайтадан мызғымас үшін дұрыстап тамақтанып алуыңыз қажет. Бір шыны кофе сіз үйден шықпай жатып-ақ ғайып болады. Сондықтан мол дәруменді ас ішіп шыққаныңыз абзал.

Шамадан көп тершеңдік нені білдіреді?
Мінсіз қарым-қатынастың қарапайым рецепті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу