Жаңа басталған қарым-қатынастың 5 тосқауылы

Oinet.kz 20-08-2019 1050

a22519ef519a1c1b4718c484519d72b7.jpg

    Сіздердің ара қатынастарыңыз енді ғана басталып келе жатыр. Әрленіп-сүрленіп, қанат бітіп ұшып кетердей болып кездесуге барасыз, алайда бірнәрсе дұрыс еместей. Жаңа тұталған махаббат оты жанбай жатып өшіп қалуының себебі неде?

    Наполеондық жоспарлар.

    Алғашқы кездесу күнінен небәрі үш күн өтті. Сіз келесі жылы қайда демалысқа баратындарыңызды ойластырып қойдыңыз. Үйленгеннен кейін бірге тұратын пәтер қарастырып отырсыз. Бұны жігітке айтпақ түгілі тіпті армандарыңыздан да шығарыңыз. Уақытынан бұрын қорқытып-үркітпей. 

    Қатынаста негізінен көп нәрседен үміттену көбірек жапа шегуге алып келеді. Сондықтан не де болса, позитивпен қараңыз. Бір мәнісі бола жатар.

    Толықтай тексеріс. 

    Әр адамның жеке кеңістігі болуы қажет. Және ол өз кеңістігінде өзін жайлы сезінуі қажет. Егер де басқа бірі сол кеңістігіне ортақтасқысы келсе, адам кері шегініп, қорғана бастайды.

    Бұрынғы қатынастар жайлы әңгіме қозғау.

    Бұл дұрыс емес-тен гөрі ақымақтық деуге келеді. Себебі ешбір адамды оның сүйіктісінің бұрынғы сүйіктілері бақытқа кенемейді, керісінше ызаландырып, өзімен салыстырып тұрғанын мәлімдейді. Ал өзін өзгемен салыстырғаны кімге болсын ұнамасы анық.

    Ұнап қалуға шектен тыс тырысу.

    Ұнау, ұнамау тікелей сіздің жан дүниеңізбен байланысты. Сіздің бетіңіздегі бес батпан бояу, үстіңіздегі әдеміше келген, құрбыңыздың белдемшесі де сіздің жан дүниеңізбен теңесе алмайды. Себебі сіз біреусіз, бірегейсіз, ал дәл сондай киімдер әлемде қаншама экземпляр. Сондықтан сырт келпіңізді әрлеуге аса қатты тырыспай, бар болғаны өз-өзіңізбен болсаңыз жеткілікті. Әрине киімге мән берме деді екен деп, алба-жұлба болып бару да, сіздің кездесуді маңызсыз санап, жұпыны келе салғаныңызды білдіртеді. Сондықтан шектен шықпаған дұрыс.

    Пайдакүнемшілдік. (меркантильность)

    Алғашқы кездесуде серігіңіздің табысы, үйі, көлігі жөніндегі мезгілсіз сұрақтарды қойып қажеті жоқ. Әрине қазірде бұлардың әрқайсысы маңызды екендігі сөзсіз. Дегенмен де сіз алғашқы кездесулерден кейін, үйленіп кеткелі жатқан жоқсыз. Оның бәрі де өз уақытысымен белгілі болатын дүниелер.

Шаш типіне сәйкес тарақ таңдаңыз
Жүкті әйел нені білуі керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу