Шаш типіне сәйкес тарақ таңдаңыз
Сіз тарақтың неше түрін көрсеңіз де, олардың айырмашылығы тек ыңғайлылығында ғана деп ойлаған боларсыз. Алайда әр тарақ әртүрлі шаш типіне арналып жасалып шығарылады екен. Және көп адамдар шаштың зақымдануы, жұқаруы да дәл осы тарақтың сапасынан екеніне көңіл бөлмейді.
Tangle Teezer тарағы.
Бұл ғажайып тарақтардың пайда болғанына көп бола қойған жоқ. Егер сіздің шашыңыз үлпілдек бұйра болса, аталған тарақ сіз үшін таптырмас көмекші болмақ. Тарақтың ұзын, қысқа аралас тісшелері сіздің шашыңызды зақымдамай-ақ оңай шатасын алады.
Жұқа шаштарға.
Бұл типтегі тарақтар шаштары сынғыш қыздарға таптырмас құрал. Тарақтың тістері шаш түбін зақымдамайтындай бір-бірінен алшақ орналасқан, сондықтан тарақты сулы шашқа қолдануға да болады. Ол шашыңыздың табиғи қалпын сақтайды.
Қылшықты щеткалы массаж тарағы.
Бұл тарақ тез майланғыш үлпілдек шаштарға арналған. Тарақ қылшықтары табиғи да синтетикалық та болуы мүмкін: ол қан айналымын жақсартып, бас терісінің майланғыштығын бәсеңдетеді. Ең бастысы, шашты мұқият тарайды, сынуына жол бермейді. Сондай-ақ, тарақ көп жұқа шашты қыздар үшін керемет құрал.
Құрғақ шаштарға арналған тарақ.
Негізінде, мұндай тарақ әмбебап, оны кез келген шашқа пайдалануға болады. Алайда, құрғақ және сынғыш шаш үшін осы тарақ түрін пайдаланғаныңыз абзал. Сонымен қатар, ол шашты жарақаттамайды, сондықтан бұл типтегі тарақтарды косметикалық процедуралар үшін де пайдалануға болады.
Жеңіл тарайтын тарақ түрі.
Қос дөңгелектелген тістері бар тарақ кез келген шаштың шатысын оңай ажыратады. Әсіресе шашыңыз ұйқыдан тұған сәтіңізде тез шатасса, бұл құрал сіз үшін таптырмас тарақ.
Кептіргіш тарақ.
Бұл жерде тарақ функциясы айтпай-ақ түсінікті болуы қажет. Егер сіз шашыңызды шаш кептіргіш құүралмен зақымдағыңыз келмесе, осылайша табиғи жолмен кептіріңіз.
Шашыңыздың үлпілдек болғанын қаласаңыз.
Шашыңыз үнемі жатып, таза болса да, майлы көрініп сізді әбден мезі етсе, осы тарақ түрін қолданып көріңіз, сізге көмектесері анық.