Қарым-қатынастағы олқылықтар

Oinet.kz 15-08-2019 1254

5-predelno-otkrovennyh-faktov-o-dlitelnyh-otnoshenijah-kotorye-mogut-rasstroit-osobo-vpechatlitelnyh-945x630.jpg

Достық, ата-ана, бауырмен ара-қатынастардың орны бөлек те махаббаттағы қатынас өзгерек келеді. Әлбетте, бақытты болу болмау, осы махаббатқа тіреліп, қатып қалмады. Дегенмен де егер сіздің басыңыздан осы бір тәтті сезім өтіп жатқан болса, өзіңізді бақыттырақ сезінетініңіз рас.

Кейде қатынас біз қалағандай болмай жатады, оның себебі сезім суығанда деу қиын. Қателіктер басқа, сіз сезбей жүрген беткейлерде болуы мүмкін. Ал кішкентай олқылықтардың орны толмас өкініштерге апарып соққанын қаламасаңыз, төмендегі ара-қатынастағы болатын ең үлкен кемшіліктерге көз жүгіртіңіз.

1.Ғашығыңыздың сізден кетпейтініне сенімді болу

Алабұртып тұрған сезім, ғашық тарапқа ұмтылып тұрған жүрек қағысын кейде біз қалыпты етіп көреміз де, біздің бойымызда бір сенімділік пайда болады. Ол адам біздің өмірімізден кетпейтіндей. 

Біз жиі өзіміздің жақындарымызға үйренісіп кеткендіктен, оларды бағалаудан қаламыз.

Алғашқы көңіл бөлушіліктер, гүл, тәтті, таңғы-түнгі гүбір-гүбір әңгімелер де ада бола бастайды. Бұл сезімдерді қарым-қатынастың пісіп жетілуі деп қабылдау қате. 

2.Үнемі өзіңізді тастап кетеді деп ойлау

Ғашығыңа көңіл қоймау өз алдына да, оған үнемі уақытыңыздың көп бөлігін жұмсап, «мені жақсы көре ма екен?» деген сұрақ төңірегінде өмір сүру, сіздің ол адамнан алыс жүргеніңізден де қиын. Өзіңді ұмытып, өзгемен болу тым ақылға сыйғысыз. Ғашығына байланып, үнемі соның өзіне бөлген уақытымен шектеліп өмір сүру, серігіңізді үркітіп жіберуі мүмкін.

Осы типтегі сұрақтар сізді қарым-қатынастың басында алаңдатып, шешімін табуға тиісті.

3.Оның өміріне тым еніп кету

Әлеуметтік желі, электронды хаттар, қоңыраулар адамның жеке территориясы болып қалғаны дұрыс. Көптеген жұптар бір-бірін жақсы көргендіктерін бәрін ортақ еткісі келеді, сеніммен өмір сүргісі келеді, іштерінде туындаған сұрақтарға өзге жолмен жауап тапқысы келеді. Алайда шынымен де осының бәрі шынымен де маңызды ма? 

Кез келген қарым-қатынаста сенім өте маңызды рөлді ойнайды. Бір біріңізге деген сенімді тексерістер арқылы арттырып емес, керісінше жоғалып алуыңыз мүмкін.

4.Көңіл толмаушылық білдіру

Қолдау жақын адамдарыңа көрсетілетін жанашырлық секілді. Сіздің қолдауыңыз ол адамның өмірінде едәуір орын алады. Үнемі оның іс әрекетіне көңіл толмаушылық білдіріп отыру, сезім суытпақ түгілі, мезі етуі де ғажап емес. Адамдардың барлығына дерлік бір адамның мақтауын есіту, жақтауын есіту бір алып күш қуат алып келетіндей. Алқызыл жүректі де қып-қызыл ететін дәл осы қолдау болып табылады.

2019 жылдағы трендті маникюр
Неге сен оның арманындағы қыз емессің?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу