Жапондық ғалымдар балмұздақтың пайдасын анықтады
Токио қаласындағы Келин университетінің профессоры Иошихико Коганың бастамасымен болған зерттеу жұмыстарында таңға асқа
балмұздақ жеу, денсаулыққа пайдалы екені дәлелденді. Зерттеу барысы екі топқа бөлінді:
- Бірінші топта, таңертеңгіліс асқа үш ас қасық балмұздақ жеу тапсырылды.
- Екінші топ, әдеттегідей ас ішті.
Таңғы астан кейін барлық қатысушылар компьютерде тест өткізді. Белгілі болғандай, балмұздақпен таңғы ас ішкен еріктілер әлдеқайда жылдамырақ және сауатты жауап берді.
Сонымен, балмұздақ мидың жұмысын жақсартуға үлкен ықпалын тигізетіні дәлелденді.