Бізді бақытсыз ететін үміт
Өмір бізге үнемі өзінен күткенімізді бере алмайды. Алайда, біреулерге мұнымен көндігісу қиын. Бізді бақытсыз ететін күтудің 3 түрі бар екен.
Менде бәрі жақсы болуға тиісті.
Адам өзінен не құүрлым көп нәрсені талап етсе, соғұрлым қиын. Әрине, армандағанның айыбы жоқ, талап етудің дегенмен жөні бөлек болып тұр. Өзіңе-өзің ауыртпалық салу сені тек құрдымға итермелейді. Өзіңнен күткен істер жүзеге аспаса сен өзіңді түкке тұрғысыз етіп сезініп, өзді-өзіңнен қажып кетуің мүмкін. Стресс, депрессия... Мәселен ол өзіне «Мен осы ҰБТ-дан жүз пәленше балл алуым керек, әйтпесе біткен жерім осы» деп тон пішіп, миына құйып алады. Содан соң болмаған нәтиже көрмесе қапа болып, өзіне өзі қастандық жасайды.
Жан жағымдағылар маған жақсы қарауы қажет.
Бұл сенім адамның басқа адамдарды дұрыс қабылдамайтынын көрсетеді. Бұл жаңсақ пікір. Адам айналасындағылардың қандай болу керек екендігін жоспарлау арқылы өз әлемін де қолдан жасап шығарады. Ол өмірде барлық адам сыпайы, жақсы ойлы, жанашыр.
Мәселен, осындай ойды құрастырып, соның шырмауында өмір сүріп жүрген адамның өмірінде бір жеккөрінішті немес жәй ғана ұнатпайтын адам кездессе, оның ойлары, жасап алған әлемі құрдымға кетіп, бәрінен көңілі қалып, әлгі адамды мүлде көрместей жек көріп кетеді.
Маған қиыншылықтар кездеспейді.
Кездеспесін, әрине. Осылай ойлайтындар әлем тек сол үшін жаралғандай өмір сүреді. Ол жалғыз адам да қалғанымыз соның өмірі үшін жасалған «мишень». Сондықтан айналасындағы құбылыстар, жаңалықтар, жайттар ол үшін түкке тұрғысыз. Тіпті кейбіреулері Құдай оларға қалағанын береді деп сеніп алған. Олар дөптегені тез және қиыншылықсыз қолына түсуге тиісті деп есептейді. Мұндай сипаттағы адамдар сәл қиыншылықты көтере алмай, оны жаһандық проблемалар қатарына қояды.
Міне осындай үміттер, сенімдердің шындықтан ауылы едәуір алыс. Ұғатын бар, ұқпайтын бар. Олардан құтылу оңай емес, тек нәтиже уақыт пен күш-жігерді толығымен ақтайды.
«Тиісті», «керек» деген сөздерді «солай болса екен», «жақсы болушы еді-лермен» алмастырсақ жөн болушы еді.