Кәсіпкерлерге арналған 7 кітап

Oinet.kz 29-07-2019 1580


KMO_156234_00213_1.jpg

Біз сіздерге  шабыт сыйлайтын 7 кітапты ұсынамыз:

1. Джессика Ливингстон «Бәрі қалай басталды» (Как все начиналось)

Кітап  іс жүзінде стартапты құрушылармен -  бизнесті қалай құрғаны туралы сұхбатымен өрбиді. Жобада  баршаға  белгілі: Стив Возняк, Макс Левчин, Катерина Фейк сынды тұлғалар өз компанияларының идеясы қалай пайда болды, инвесторларды қалай іздеді және сендірді, қандай қателіктер жіберді және оларды қалай түзетуге болатындығы туралы әңгімелейді.

2. Тони Шай « Нөлден миллиардқа дейін»  Алғашқы кәсібін тоғыз жасында бастаған,  ең жас кәсіпкерлердің өмірбаяны. Оның  «Zappos» компаниясы он жыл ішінде нөлден миллиардтық айналымға дейін жетеді. 

3 Джим Коллинз «Жақсыдан ұлылыққа. Неге кейбір компаниялар серпіліс жасайды, ал басқалары ... (От хорошего к великому. Почему одни компании совершают прорыв, а другие нет...)Онда Джим Коллинз, айтар ойын, өзінің алты жылдық  зерттеу барысында  нәтижеге жеткен және   сәтсіздікке ұшырағанкқмпанияларды салыстыру арқылы жеткізеді. 

 4. Максим Котин «Ботаниктер де бизнеспен айналысады»  ( И ботаники делают бизнес)  Котиннің кітабы кәсіпкерлерге үлкен жігерлендіру болды. Бұл жай бизнесті құру тұжырымдамасы туралы нұсқаулық емес,  ішкі әлемді өзгертетін кітап.

5. Стивен Кови «Жасампаз жандардың  жеті дағдысы» (Семь навыков высокоэффективных людей. Мощные инструменты развития личности) Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың, соның ішінде Билл Клинтонның, Ларри Кингтің және Стив Форбеттің өміріне үлкен әсер ете білді. Fortune 500 рейтингісіне енген әлемдегі ең ірі корпорациялардың жартысы өз қызметкерлерін жеті дағдыда сипатталған тиімділік философиясымен таныстыруды өздерінің міндеті деп санады.

6. Генри Форд «Менің өмірім, менің жетістіктерім» (Моя жизнь, мои достижения) Генри Форд өзінің кітабында өзінің өмір тарихы, бизнесті басқару туралы көзқарастар, басқару теориясы туралы идеяларымен және жалпы экономика бойынша бөліседі. Оның идеялары қазір ХХ ғасырдың басында Форд енгізген қағидат бойынша жұмыс істейтін мыңдаған компанияларда жинақталған.

Дамуыңызға арналған тиімді бағдарламалар
Миды қуаттандыратын тағам түрлері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу