Никола Тесла - жетістікке жету жолдары
I. Мәселенің егжей-тегжейіне назар аудару
«Өнертапқыш өзінің жетілмеген идеясын іске асыру үшін қандай да бір құрылғыны құрастырғанда, күндердің бір күні механизмнің жетілмендігі, егжей-тегжейлері жайлы ойлардың қармағында қалады. Түзетіп, қайта жөндеп жүргенде, оның көз алдынан о баста берілген маңызды идея жоғалады. Ол нәтижеге қол жеткізуі мүмкін, бірақ сапаны жоғалтумен сарп етеді.
Мен басқа әдісті қолданамын. Мен тәжірибелік жұмыстарға кірісуге асықпаймын. Маған идея келген жағдайда, бірден оны ойымда дамытып бастаймын: конструкциясын өзгертемін, түзетулерді енгіземін де, ойша механизмді қозғалысқа келтіремін. Турбинаны ойша басқарып жатырмын ба, әлде оны шеберханада жүзеге асырып көріп жатырмын ба, бұл маған аса маңызды емес. Мен тіпті оның теңгермесі бұзылғанын байқаймын. Механизмнің қандай түрі болса да, нәтиже бір. Осылайша, мен ештеңеге қолымды тигізбей де, концепцияны тез дамытып, жетілдіре аламын». Никола Тесла
Тесла қандай жоба болмасын, егжей-тегжейіне дейін ойластырылмаса, идеяны жүзеге асыруды қолға алмаған жөн деп санаған. Бұл ұсақ-түйекке шырғаланып, үлгіні кемеліне жеткізу керек дегенді білдірмейді. Бірақ негізгі қағидалары мұқият ойластырылғаны жөн.
II. Интуиция
«Интуиция — бұл нақты білімнен де озық әлдене. Біздің миымыз өте сезімтал жүйке жасушаларынан тұратыны күмәнсіз. Сол себепті біз логикалық тұжырымдар және басқа ақыл-ой әрекеттері қолжетімсіз болғанның өзінде ақиқатты сезе аламыз». Никола Тесла
Тесла адамның айналасындағы кеңістікке деген жаратылысынан берілетін сезімталдығы үлкен рөл ойнайды деп санаған. Тек технологиялар заманында өмір сүріп, біз бұны ұмыттық, өз ішкі дауысымызға құлақ асуды доғардық.
Әрине, ғалым өз тәжірибелерінде тек қана тексерілген фактілер мен ақпаратқа сүйенді. Бірақ интуиция оған өнертабысының қаншалықты сәтті болатынын, сонымен қатар, барлығы дұрыс шығуы үшін нені түзету керектігін айтып тұрған.
Әлдебір жаңаны ойластырғанда немесе тапсырылған жұмысты орындағанда, өз ішкі даусыңа құлақ асасың ба? Көп жағдайда интуиция адамның өмір бойы жинаған тәжірибесі болып табылады. Барлық жиналған білім, тәжірибені күнделікті жүзеге асыра алмасаң да, олар ой түкпірінде қалады. Кейін күрделі жағдайға түскеніңде, олар ой түкпірінен шығып, саған дұрыс жолды көрсетеді.
III. Ерік-жігер
«Сын Абы» деген романды оқығаннан кейін Никола Тесла өзінің ерік-жігерін қайраймын деп шешіпті. Алғашқыда қарапайым іс-әрекеттерден бастаған. Мысалы, егер қолында қандай да бір дәмді тағам болса, қанша жегісі келсе де, қасындағы басқа адамдарға берген. Құмар ойындар, темекі тарту, кофеге әуестікті басынан өткізеді. Ақыр соңында Тесла жан мен тәннің арасындағы қарама-қайшылықтарды түзеп, тәнді жанға бағындыра алды.
- «Ерік күші мен дисциплина менің жанды қиялымды оятуға күш берді. Сондықтан да мен өз-өзімді тәрбиелеуді қолға алдым.
- Егер менің қолымда тәнім қатты қалап тұрған піспенан немесе тәтті алма тұрса, мен дереу оны кішкентай жеткіншектерге беріп, өз жан-тәнімнің физиологиялық қажеттіліктеріне тәуелділігімді азайтуға тырыстым.
- Егер менің алдымда ауыр менталды еңбекті қажет ететін жұмыс тұрса, мен белгілі бір нәтижеге жетпейінше қайта-қайта қолға алатынмын. Осылайша мен күні-түні, азаннан кешке дейін практика жасадым. Бастапқы уақытта өзіндік тәртіпке келу оңайға соққан жоқ. Себебі мен қанша жыл бойғы жан-тәнім үйреніп қалған режимді бұздым. Уақыт өте бұл қарама-қайшылық та түзелді. Мен өз денемді рухыма бағындыра алдым.
- Өзіндік тәртіпке үйреніп жүрген уақытымдағы басымнан өткізген ауыртпашылықтар мен магнит өрісін ашуымның арасындағы байланыстың тығыздығы сонша, тіпті екеуі бір процесске еніп кеткендей сезіледі.
- Егер өзіндік тәртіп болмағанда мен ешқашан индукциялық моторды ойлап таппас едім». Никола Тесла
IV. Концентрация
«Мен әбден қалжырадым, бірақ жұмысты тоқтата алмаймын. Менің тәжірибелерім маңызды, ғажап, таңғаларлық. Тіпті жүрек жалғау үшін олардан әрең дегенде қол үзетінім бар. Ал ұйықтардың алдында үнемі cолар жайлы ойлаймын. Талып құламайынша жалғастырамын деп ойлап отырмын». Никола Тесла
Сағат түнгі үште тұрып, тынықпастан қас қарайғанша оқу, үздіксіз өзін-өзі дамыту. Ең бастысы: ешқашан бос күмәнге жол бермеу. Ақыры ойға идея келсе, физика пәні мұғалімің қанша қарсы болса да, басқаша ойласа да, тексеріп, жүзеге асырып көру қажет. Осылайша, Тесланың электрқозғалтқышы дүниеге келді.
V. Күш-қуат
«Үздіксіз еңбек етіп, жаңа идеялар жайлы ойланып жүргенімде, ол маған тұрақты түрде физикалық жаттығуларды жасау қажеттігін ұғындырды. Біз күнделікті жаттығатынбыз, уақыт өте мен тез күш жинап алдым. Сонымен қатар менің рухым да нығайды. Егер алдыма жаңа идея туындаса, мен оны орындамай қоймайтыныма сенімді бола бастадым». Никола Тесла
Тірісінде таңғарлық күш-қуатқа ие болған Сцигетти мырза ғалымға бірге жаттығу жасауды ұсынған. Сцигеттидің арқасында ғалым денсаулығын нығайтып, балалық шағында үш мәрте өмір мен өлім арасында қалғанның өзінде айтарлықтай ұзақ (86 жас) ғұмыр кешті.