Табысты әйелдің 6 дағдысы

Oinet.kz 15-07-2019 1277

Women-CEO.jpg

Әйелдің табысқа жетуі үшін өз күніне міндеттемелер жасап жүргені абзал. Оның себебі, әйелдердің бір басынан асар міндеттерінің көбі. Ал, супер әйел атану үшін мұның бәрін міндет деп емес, ләззат деп қабылдау қажет.

- TO-DO-LIST

Күндік жоспарыңызды міндетті түрде жазып жүріңіз. Мұндай тізімнің өміріңіздегі қажеттілігін бағалағаныңыз жөн, әсіресе цейтнот кезінде. "Тарс есімнен шығып кетіпті"  Сізге таныс фраза ма? Тізім бір күнде жасауға тиіс жұмыстарыңызды естен шығармауға, бақылап отыруға көмектеседі.

- Қол сағатына жиі қараңыз

Иә, анау айтқандай маңызы жоқ сияқты. Бірақ, шынымен де солай ма? Үнемі уақытылы келіңіз. Пунктуалдылық кез келген табысты әйелге тән әдет. Іскерлік кездесу ме, достарыңызбен кездесу ме маңызды емес, маңыздысы сіздің өзіңізге деген, өзгеге деген құрметіңіз.

- Мейірімді, кішіпейіл болыңыз

Кейбір әйелдер табысқа жету үшін "Дьявол носит PRADA" фильміндегі Миранда секілді болу керек деген пікірде. Бірақ, мұнымен келісу аздап ағаттық. Алайда, біз өз сұхбаттарымыздың басым бөлігінде табысты әйелдердің байыптылығымен, мейірімді, кішіпейіл болмысымен дараланатынын байқаймыз.

- Адамдармен үнемі қарым-қатынаста болуды естен шығармаңыз

Санаңыздағы тағы бір стереотипті жоюға тура келеді. Табасты әйелдер аптаның 7 күні, 24 сағатында жұмыс үстелінде отырады деу жаңсақ пікір. Себебі, мұндай әйелдер үнемі жаңалыққа ұмтылады, адамдармен араласуды, жаңа орталарда болуды, жалпы дүниетанымын кеңейтуді құп көреді. Жұмыс күнінде өзіне 1 шынаяқ шәйға немесе достарымен жолығуға уақыт бөліп, өзін құрмейтін әйелдерге нағыз өмірдің триумфтері делінеді.

- Өз дене бітіміңізді құрметтеңіз

Егер де басыңыздың лайықты түрде жұмыс жасағанын қаласаңыз, организміңізге қажетті күтімді жасауды естен шығармаңыз. Бұл табысты өмірге кірер есіктің тағы бір кілті. Ұйқыны қандыруға, дұрыс тамақтануға және де жүйелі жаттығу жасауға уақыт, қаражат бөліңіз. Өз-өзіңізге күтім жасамасаңыз, жұмысыңыздың да зардап шегуі қалыпты жағдай.

- Күрбең тіршілік арасынан өзіңіз үшін де уақыт табыңыз

Көп адам үшін бұл парадоксты жағдай болуы мүмкін. Дегенмен де табысты болу мақсатында жүрген адамға жұмысынан бөлек те қызықты істермен айналысу маңызды. Маникюр, хобби, құрбыларыңызбен шоппинг - кез келген сізді бақытты ететін іспен. Керемет кемпірқосақ та бір түстен тұрғанда ішпыстырарлық болып көрінеді, сол секілді өміріңізді бірқалыптылықпен емес, жан-жақтылықпен түрлендіргеніңіз жөн.

Бала тәрбиесіндегі қателіктер
Күнге күймеу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу