Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Әр ата-ананың өзіндік, бірегей бала тәрбиелеу тәсілі бар. Олар бүлдіршініне теңдесіз тәрбие бергісі келеді, алайда ешкім мінсіз емес. Төменде бала тәрбиесіндегі ата-аналардың алдын алуы қажет ең үлкен қателері:
Балаларын өзінің көңіл күйіне байланысты сөгуі.
Әрине, баланы қажетті деп тапқан жағдайда, оғаш қылық көрсеткен жағдайда тәртіпке салу ата-ананың міндеті де. Дегенмен, кейде олар баларына ұрысуды әдетке айналдырып, ақылмен түсіндіретін жерде ашуға ерік береді. Болмашы жерден байбалам салып, кішкентай бала психикасына кері әсерін тигізіп жатқанынан бейхабар болады.
Баланың өміріндегі ең маңызды сәттерін өткізіп алуы.
Әр ата-ананың бұл тұста айтар уәжі болар. Алайда, балаға уақыт бөлу қаншалықты маңызды екендігін естен шығармаңыз. Балаңыздың өміріндегі маңызды жайттарды жіберіп алмауға тырысыңыз. Әйтпесе, болашақта, қартайғанда өзіңіздің қаншама нәрсені бос жібергеніңізге қатты өкінетін боласыз. Сіздердің ортақ естеліктеріңіз араларыңызды жақындата түседі.
Бүлдіршініңіздің басқа балалармен қажетінше ойнай алмауы.
Баланы ерте есейтемін, өзіме қызмет еткіземін деп, оны өз қатарластарымен ойнауына шектеу қоймаңыз. Кез келген ойынның өзі баланың ойлау қабілетіне, адам болып қалыптасуында рөл ойнайды.
Оның өмірінен естелік болып қалатын жеткілікті сурет пен бейнежазбалар жасамауы.
Сурет, видео – өмірде қаншалықты маңызды екенін ұмытып кететін секілдісіз. Өзіңізді баланың орнына қойып көріңізші, сіз бала сәтіңіздегі суреттеріңізді көргенде қандай бақытты сезімдерге бөленесіз, тәтті естеліктер. Оның үстіне естелік суреттерді балаңызбен бірге өскенде қайта қарау арқылы, суреттердегі естеліктер қайта тірілгендей күйде боласыз. Жалпы, естеліктер өміріміздегі керемет сувенир болып қалады.
Баланың ойын есепке алған жоқ.
Бұл сіздің балаңыздың болашағына жасаған ең ауыр қиянатыңыз, егер жасасаңыз. Оқуға түсерде, мамандық таңдағанда баланың өміріне атсалысты болып, көмесемін деген оймен баланың ойын, арманын есепке алмай, сіздің арманыңыздағы мамандықты ұсынып жатасыз. Ал, бала үшін өмірдегі ең алғашқы ұстазы сіз, сондықтан бала инстинктивті түрде сізге құлақ асады.
Баласымен жеткілікті сөйлеспеуі.
Бала кішкентай кезінде ойлау қабілеті мен санасы толық жетілмеген деген жаңсақ пікірмен сіз баламен дұрыстап, құлақ асып сөйлеспейсіз. Ал, баланың «ынжық» болып өскеніне кімді кінәлау керек екенін енді білесіз.
Баланы ақшаға үйретудегі қателіктер.
Балаға ешқашан ақшаның қайдан келгенін, қандай еңбекпен келгенін түсіндірмедіңіз. Ал, баланың ақшаны оңды-солды жұмсағанына ренжитініңіз бар. Бірақ, кінә тағы да сізден. Сіз түсіндірмегендіктен, ол ақшаны ғайыптан келді деп ойлайды.
Перзентін бақытты етпеуі.
Кейде ақшаның, кейде уақыттың тапшылығын негізге алып, балаңызды қыдыртпайсыз, ойын-сауық орындарына аз апарасыз. Бірге ойнамадыңыз, фильм тамашаламадыңыз, сурет салмадыңыз, сүйікті театр қойылымына бармадыңыз.
Олар балаларын тым аз құшақтады.
Ата-аналардың көбісінің айтары «бала еркелеп, айтқан тілді алмайтын» болады. Дегенмен, бұл құрметті себеп емес. Сіздің ойыңыз солай екен деп, баланы махаббатсыз, жылулықсыз қалдыру жөнсіз. Баланың махаббаты әр ата-ана өміріндегі маңызды дүние.
Нақты міндеттердің болмауы.
Кейде, ата-аналардың ойынша, шаршағандарына байланысты, олар өз сөздеріне қарама-қайшы келетін әрекеттерге амалсыз болады. Мәселен, анасы баласына қаншама рет пиццаның зиянды екенін, жеуге болмайтындығын айтып жатады. Алайда, күндердің бір күнінде сіз шаршағаныңызды негізге алып пиццаға тапсырыс бересіз де, баланың санасына сіңген түсінікті бірден жоясыз.
Басқа бірінің кеңесіне көп жүгінуі.
Әр бала ерекше, балаңызды тәрбиелеуге көрші үйдің келіншегі өз баласын негізге алып қана кеңес береді. Ал, сіздің перзентіңіз бөлек жаратылыс. Олар үнемі балаңызды қалай киіндіру, тамақтану, ыстықтауы мен суықтауы жөнінде ақылы дайын тұрады. Өздерін профессионал деп есептейді. Есіңізден шығармаңыз балаңыздың ата-анасы сіздерсіздер және балаңызға қандай тәрбие беру керек екендігін тек сіз ғана шеше аласыз.
Суреттер ашық дереккөздерінен алынды