Жол-көлік апатына түссеңіз не істеу керек? Маман кеңесі

Oinet.kz 10-07-2019 1159

Screenshot_24.jpg

Жол көлік оқиғасына автокөлігіңізбен абайсызда түсе қалсаңыз, ең әуелі  салқынқандылықты сақтау аса маңызды екенін естен шығармаңыз. Бірінші кезекте полицияны, сақтандырушыларды, егер қажет болса, жедел жәрдемді шақыру керек. Бұдан кейін, куәлардың координаттарын, апат орнын суретке (ең болмағанда ұялы телефонға) түсіру керек және жол полициясы қызметкерлерін күтіңіз. Олармен ақырын, асықпай сөйлесу қажет. Бос қағаздарға, толтырылмаған хаттамаларға ешуақытта қол қоюға болмайды.

Полиция қызметкерлері келіп, жүргізушілердің түсініктемелері мен оқиға болған жердің хаттамасын, сызбасын, көлік құралын қарау хаттамаларын толтыратыны анық. Аталған құжаттар жол көлік оқиғасы бойынша жүргізілетін сараптамалар кезіндегі басты құжаттардың бірі болып саналады. Сондықтан, олардың дұрыс әрі толық толтырылуын өз тарапыңыздан қадалағаныңыз жөн. 

Жалпы, сараптамаға түскен материалдарды талдау барысында жол-көлік оқиғаларын тергеп-тексеруге қатысты бірқатар кемшіліктер жылдан-жылға қайталануда. Бұл кемшіліктер оқиға болған жерді қарау кезінде басталады. Сараптама мүмкіндіктерін тиімді және дер кезінде пайдалану  тергеудің сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне оң әсерін тигізеді.   Сараптама тағайындау алдында тергеуші қай сараптама түрін тағайындау қажеттігін, дұрыс процессуалдық шешім қабылдау үшін қандай сұрақтың қарастырылуы керектігін және қай айғақты затты сарапшыға ұсыну қажет екенін білуі тиіс.  

Маханбедияр Сманов, 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптама институтының аға сарапшысы

Мұрағаттан, 2016 ж

Шаш күтімі: 10 ереже
Бала тәрбиесіндегі қателіктер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу