Үйді тазалау барысында кететін 6 қателік
Үйіңіз - өзіңізді жайлы сезінетін жалғыз орын. Алайда, ол ұқыпты және таза болғанымен, кейде сіз өзіңізді жайлы сезіне алмайтын сәттер болады. Ендеше жайлы сезінбеуіңізге себеп 6 қателік туралы айтайық:
№1 қателік: Көзге аса көріне бермейтін бұрыштарды шаңнан тазаламау
Барлығы үстелді немесе сөрені сүрткен сәтте қайтадан шаң басатынын біледі. Есіңізде болсын, жиһаздың артында да шаң жиналады. Сіз оларды көре алмайсыз, бірақ дем алған сайын сезіне аласыз. Бұл жерлерді кем дегенде 1-2 айда тазалап тұруды ұмытпаңыз.
№2 қателік: Перделерді сирек жуу
Бұл өте маңызды! Біріншіден, перделер көп шаң жинайды. Екіншіден, олар күңгірт көрінеді, өйткені күн сол кір перделер арқылы бөлмеге енеді. Үйіңіздің таза болуы және таза ауамен тыныс алу үшін перделеріңізді кем дегенде 3 айда жуыңыз!
№3 қателік: Ескі киімдерді сақтау
Сіз өзіңіздің тозған киіміңізді шкафта ұстасаңыз, ол киімдер сіздің сөреңізді өте көп орын алады. Тіптен кейде иістеніп кетуі де мүмкін. Егер сіз ол киімдерді пайдаланбайтын болсаңыз, қоқысқа тастағаныңыз жөн. Шкаф сөреңізді өзіңізге қажетсіз заттардан тазалап отырыңыз. Жыртылған футболкалар мен шұлықтарды шкафта сақтамаңыз.
№4 қателік: Сынған ыдыстарды сақтау
Сынған заттарды сақтаудың қажеті жоқ, өйткені сіз оларды жөндей алмайсыз, әйтпесе оны жасау өте қиын болады. Оларды өкінбей лақтырып тастаңыз.
№5 қателік: Жөнделмеген ағып жатқан крандар немесе құбырлар
Нәтижесінде еденде көгерудің пайда болуына әкелетін ұсақ шалшықтар пайда бола бастайды. Оны өршітіп алмас үшін, дереу сантехникті шақырыңыз, сонда сіздің үйіңіз мұнтаздай таза болады.
№6 қателік: Шамдарды тазалауды ұмыт қалдыру
Көбінесе люстралар және шамдар ашық реңктер болып табылады. Олар шаңды жинайды, бұл өз кезегінде жарықтың сапасы мен жарықт түсіруіне әсерін тигізеді. Күңгірт бөлме көңілсіз болуы мүмкін. Жарты жыл сайын шамдарды жуып, шамдарды ауыстырып отыруды ұмытпаңыз.