Психикалық денсаулығыңызға зиян келтіретін 5 әдет

Oinet.kz 15-01-2019 620

көңіл күй.jpg

1. Көп қозғалмау 

Қазіргі таңда, жүрек ауруы, қант диабеті және басқа да аурулармен ауыратын жастардың аны артуда.  Бұған біздің қазіргі өміріміз жауапты деп ойлаймын. Бірнеше ғасырлар, тіпті ондылдықтар бұрын біз табиғатқа тым жақын болдық. Оған қаншама дәуірлер, тарихтар куә бола алады. Ал, бүгінде адамдардың басым көпшілігі үлкен қалаларда өмір кешеді. Онда ауылдағыдай қимылға толы тірліктер жүріп жатқан жоқ. Көпқабатты тұрғын үйде тұру және көп қозғалыста болмау бұл да біздің психикалық денсаулығымызға әсер ететін бірден бір фактор. Қозғалыс жетіспеушілігі физикалық денсаулықты әлсірететіні және мазасыздық пен күйзелісті күшейтетіні дәлелденді.  

2. Қажетсіз заттарды сатып алу 

Адамдарға айналасындағы адамдардың әдеттері оңай әсер етеді. Олардан көрген әдетті үйреніп, ондағы бар заттың иесі атанғысы келеді. Сол себепті, көптеген адамдар өздеріне қажет емес заттарды сатып алады.  Алайда көптеген зерттеулер   бақытты ешқашан сатып ала алмайтындығымызды бірнеше рет көрсетті.  Ал біз бірдеңе сатып ала алмайтын болсақ, бұл мазасыздық пен стрессті тудырады.  Зерттеулер көрсеткендей, іс емес, тәжірибе жинау сіздің бақытыңызды арттыра алады!  

3. Ұйқыға басымдық бермеу 

Ұйқысыздық пен депрессия бір-бірімен тікелей байланысты.  Технология, стресс, қимыл-қозғалыс жеткіліксіздігі, тамақтанбау және басқа да көптеген факторлар психикалық денсаулықты нашарлатуы мүмкін.  

4. Смартфондар мен технологияларды шамадан тыс пайдалану 

Мобильді технологиялар дами бастаған сәттен адамдарда психикалық денсаулық проблемалары көбейген.  Смартфонға көп уақыт бөлетін адамдар депрессияға бейім.  Смартфон пайда болмай тұрған сәтте адамдар бір-бірімен бетпе-бет отырып әңгімелесетін. Өйткені, олардың назарын аудардатын артық нәрселер болмады.  Қазіргі таңда, бізде бұрынғыдан гөрі көп көңіл бөлінетін жағдайлар бар.  Өкінішке орай, виртуалды әлем мен шындық арасындағы  айырылыс мазасыздық пен депрессия эпидемиясын тудырды.  

5. Сыртта жеткілікті уақыт жұмсамау 

Күн сәулесінің жетіспеушілігі біздің ағзамызды әлсіретуде. Есте сақтаңыздар, D дәрумені, біздің көңіл-күйіміз бен иммундық жүйемізді реттеуге көмектесетін қоректік зат.  Сонымен қатар, зерттеулер көрсеткендей, саябақтарда серуендейтін адамдар күйзелістен ада болады.

Қай жемістің пайдасы бар? (қисса)
Үйді тазалау барысында кететін 6 қателік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу