Қай жемістің пайдасы бар? (қисса)

Oinet.kz 15-01-2020 621

жеміс.jpg

Мәлике: Қай жемістің пайдасы бар?

Әбілда: Тәңірі жаратқан жемістің бәрі пайдалы. Әлқисса бірде періштелер: -Уа, Тәңірім, сен адамдар сияқты үш уақыт тамақ жейтін болсаң, не жейтін едің? – деп сұрады. Тәңірі тағала: - Таңертең шабдалы, түсте жүзім, кешке інжір жеуші едім, - деді. - Ауырсаң, не жейсің? – деді.

- Анар!- деді. - Шаршасаң не жейсің?

- Қарбыз!

- Қалғысаң, не жейсің?

- Жиде!

- Ұйықтай алмасаң ше? – деп сұрады періштелер.

- Алма жеймін, - деді Тәңірі тағала.

«Отбасы хрестоматиясы»

Үйіңізге байлық пен энергия әкелетін 3 өсімдік
Психикалық денсаулығыңызға зиян келтіретін 5 әдет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу