Шаштың майлануына қарсы маскалар
15-03-2020
1-нұсқа. Дәріханаларда натрий альгинатының ұнтағы сатылады. Сол ұнтақтың екі қасығына су қосыңыз. Құйылатын су көлемі ұнтақпен бірдей. Аздап аз, не көп болуы да мүмкін. Бастысы алынатын масса дүкен қаймақтары сияқтиы консистенцияда болы тиіс. Кейде мен судың орнына бетке жағатын тоник немесе сүтті де қосып араластыра беремін.
2-нұсқа. Натрий альгинаты мен диатомитті 1:3 пропорцияда араластырып, минералды су қосыңыз (Диатомит деген жерден қазып алынатын балдыр, құрамы 80-85% кремнийден тұрады. Осы мақаланы жазу үшін арнайы дәріханадан іздедім. Тағамға биологиялық белсенді қоспа түрінде сатылады екен. 300 грамм банканың бағасы шамамен 5 мың теңге. Кизельгур деген атпен де танымал. Диатомитті таба алмасаңыз, қарапайым косметикалық балшықты (косметическая глина) қолдануға да болады). Мұқият араластырыңыз, қоймалжың масса ішінде іріткілер қалмауы керек. Айтпақшы, масканы иектен бастап жоғарыға жағады.
3-нұсқа. Натрий альгинаты мен диатомит қоспасына бірнеше тамшы хлорлы кальций ерітіндісін тамызып, минарлды сумен араластырыңыз. Кемінде 7 минут араластырып, бетіңізге жағыңыз.
4-нұсқа. Сұйық коллаген немесе құрамында коллагені бар кез келген құралды (сарысу, эссенция, бальзам) диатомит пен натрий альгинатына қосыңыз. Пропорция 2:2:5 болуы керек.
Альгинат маскаларын үйде әзірлеу оңай, дегенмен альгинат маскаларының дайын ұнтағын алу одан да оңай әрі арзанға түсетін сияқты. Тек альгинат маскаларын, жалпы косметика құралдарын арнайы кәсіби дүкендерден алуды ұсынамын. Себебі қазір тек арақ-шарапты ғана емес, қымбат косметика құралдарын да көрші үйде немесе қараңғы жертөлелерде өндіру фактілерін жиі көреміз.
Альгинат маскаларын жасаудың бірнеше ережесіне назар аударыңыз:
Масканы тап-таза бетке жасаған жөн. Тіпті скраб не пилинг жасап алсаңыз артық етпейді. Себебі, біріншіден артық мүйізденген тері пайдалы компоненттердің сіңуіне кедергі жасайды. Екіншіден тері астындағы токсиндердың шығуына мүмкіндік болмайды. Осылайша бар әрекетіңіз, косметикалық құралдарыңыз зая кетеді.
Масканы жақпас бұрын жасартатын сарысу, эссенцияларыңызды жағуыңызға болады. Маска олардың әсерін бірнеше есеге күшейтеді. Ал егер бетіңіз безеу не бөрткен болса, қорғаныс ретінде сарысу, эссенцияларды жағу міндет. Кері жағдайда бет терісін зақымдап алуыңыз мүмкін.
Көзіңіздің айналасын, қас-кірпігіңізге аздап майлы крем жағып қойыңыз. Сонда масканы алу кезінде жоспарланбаған депиляцияның алдын аласыз.
Масканы жатып жасаған дұрыс. Себебі маска консистенциясы сұйық жарма боткасына ұқсайды. Көмекшіңіз болса тіпті жақсы болар еді. Бірақ масканы жаққанда жылдамдатпасаңыз, қоймалжың қатып қалады. Дәл жарма ботқасындай. Қайта қалпына келтіру мүмкін емес.
Масканы жасамас бұрын шаштарыңызды жақсылап жинаңыз, жастықшаға ескілеу орамалыңызды төсеңіз. Масканы иектен бастап жағыңыз. Шешетін кезде де, иектен бастап жоғарыға қарай тартыңыз.
Маска үлдір түзіп бетіңізде қата бастайды. Жарты сағаттан артық ұстамаңыз. Артық ұстасаңыз маскаңыз гипс сияқты қатып қалады. Оны шешу де қиынға түседі. Қалған қалдықтарын тазартамын деп теріңізге механикалық зиян тигізуіңіз мүмкін. Тірліктің ауыр жүгін, проблемаларыңызды ұмытып, бетіңізді бос ұстап жатсаңыз 15 минуттан соң-ақ бетіңізге әсерін сезе бастайсыз. Ал бетіңіздің жасарғанын 1-қолданыстан байқайсыз. Тек нәтиже ұзаққа жету үшін бір курсын толық аяқтаңыз. Бір курс 5-15 сеансқа дейін болады. Аптасына 3-4 рет жасауға болады.
Маска қалдықтарын ванна немесе дәретханада ағызып жіберемін деп ойламаңыз. Тек қоқыс жәшігіне ғана тастаңыз. Альгинат маска ісініп, сантехникалық торапты бітеп тастай алады. Өз көзіммен көргем