Әсемгүл Балташева қызметінен кетті
06-01-2021
Егер шашыңыздың түсін қанық қылып, мықты еткіңіз келсе, мейлінше жиі маска дайындап, күтім жасап тұру керек.
✅ Бұзылған шашқа арналған маска
1-2 жұмыртқаны жарты стақан сүтпен араластырып, шашқа жағыңыз. 30-60 минуттан кейін сусабынмен жуып тастауға болады. Жұмыртқа бұзылған шашты қалыпқа келтіріп, сүт ылғалдандырып, нәрлендіреді.
✅ Шашты жылтыр ететін маска
Бір кесе сүтті бір кесе түймедақ қайнатпасымен араластырып, бірнеше тамшы алма сіркесуын қосыңыз. Шашты сусабынмен жуып, дайындаған қоспаңызбен шайыңыз. 2-3 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.
✅ Шаштың түсуіне қарсы маска
150 грамм қара нанды жарты стақан сүтке малып, 1 ас қасық майсана майын қосып, араластырыңыз. 15-20 минутта нан ісінуі керек. Масканы шаштың бойына жағып, 30-40 минуттан кейін басыңызды жуыңыз.
✅ Майлы шашқа арналған маска
Миксерге 1/3 стақан сүт, 2 шай қасық коньяк, 1 шай қасық алоэ тұнбасы мен 1 жұмыртқа ағын салып, араластырыңыз. Қоспаны басыңызға, шаштың бойына жағып, 1 сағаттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.
✅ Құрғақ шашқа арналған маска
1 стақан сүтке 1 ас қасық бал салып, араластырыңыз. 2 тілім нан қосып, ісінгенше күтіңіз. Масканы шашқа жағып, бір сағаттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.