Шаштың майлануына қарсы маскалар

Oinet.kz 15-03-2020 1686

Шаштың майлануы - кір емес. Бас терісі аурудан аман, шаштың сау екендігінің кепілі. Алайда, шаштың тез майланып кетуі жиі кездесетін жайт. Ендеше, сіздерге оның алдын алу немесе емдеу үшін бірнеше масканың дайындалу жолын ұсынамыз.

79322007_732522327271086_1939007963878271347_n.jpg

Алоэ маскасы

Қажетті заттар:

1 ас қасық алоэ шырыны

1 ас қасық бал

1 ас қасық лимон шырыны

1 тілім сарымсақ

Дайындалу жол:

Алоэ мен лимон шырынын балмен араластырып, қоспаға сарымсақтың бір тілімін ұсақтап турап, қосамыз. Барлығыны жақсылап араластырып аламыз. Дайын болған қоспамызды шаш жууға жарты сағат қалғанда жағамыз. Пакет киіп, сыртынан сүлгімен орап тастаймыз. Белгіленген уақыт өткесін жылы сумен жақсылап жуып тастау қажет. Көзделген нәтижеге қол жеткізу үшін алоэ маскасын ең болмағанда екі аптада бір рет жасап тұрған жөн.

Жұмыртқа маскасы

1 саруызды 1 шай қасық арақ пен 1 шай қасық салқын сумен араластырып аламыз. Шашты жуған соң масканы жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаймыз. Көзделген нәтижеге қол жеткәзу үшін бұл масканы аптасына бір рет қайталап тұру керек.

Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы
Темекіні тастаудың жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу