Брокколи – нағыз дәруменді-минералды қуат!
Брокколи – қырыққабатты тұқымдастардың біржылдық өсімдігі, қою жасыл түсті гүл шоғыры болып табылады. Бұл көкөністің атауы «брокко» деген итальян сөзінен шыққан, бұта деген мағынаны білдіреді. Брокколидің құрамында жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний, темір, мырыш, марганец, күкірт, С, В1, В2, В5, В6, РР, Е, К дәрумендері, А дәрумен негізі бар. Брокколидің құрамындағы С дәруменінің мөлшері лимон құрамындағы мөлшермен бірдей. Бұл көкөністен әр түрлі тамақтар әзірленеді. Оны қуыруға, суға қайнатуға немесе шикілей түрде жеуге болады. Шикілей түрде көбінесе салаттарға қосылады.
Брокколидің пайдалары:
Асқа тұрақты қолдану - күйзелістен ең жақсы қорғаныс.
Брокколидың калориясы өте аз болғандықтан диета ұстап жүрген, денсаулығына аса мән беретін адамдар үшін өте қажетті көкөніс.
Ол тәбет пен ас қорытуды жақсартады. Асқазанда ойық жарасы (язва) бар адамдарға пайдалы. Оның бұл артықшылығы құрамында U дәруменінің жеткілікті мөлшерде болуына байланысты.
Иммунитеттің күші лимфа жүйесіне тікелей байланысты. Алайда лимфа жүйесінің үштен екі бөлігі ішекте орналасқандықтан брокколи ішекті әртүрлі қалдықтардан, улы заттардан қорғап, иммунитетті көтеріп, ағзаның әртүрлі аурулар қоздырғыштарына қарсы тұру қабілетін арттырады.
Қан аздықтың, індеттердің, бауыр ауруларының алдын алады.
Ол теріге оң әсер беріп, қартаю процесін тежейді.
Құрамындағы сульфорафан қатерлі ісік жасушаларының көбеюін тоқтатады.
Қандағы холестериннің мөлшерін азайтады.
Сүйектің, тістің бұзылуына жол бермей, қазірде жиі кездесетін остеоропороздың алдын алады.