Күн тию мен ыстықтан қалай қорғануға болады

Oinet.kz 03-06-2020 4036

Сағат түскі 12.00-16.00 аралығында далаға шықпауға тырысыңыз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, көлеңке тауып, оқта-текте демалып тұрыңыз;

image.png

Ашық түсті табиғи матадан тігілген киімдер киіңіз;

Белі тар және денеге жабысып тұратын киімнен бас тартыңыз;

Ет және майды аз жеуге тырысыңыз. Мәзіріңізде сүт өнімдері және өсімдік негізіндегі тағамдардың көп болуын қадағалаңыз.

Тұздан бас тартуға тырысыңыз;

Су, морс және көк шайды көптеп ішіңіз. Газдалған сусындардан бас тартыңыз;

Егер су жағасына барсаңыз, суға бірден түспеңіз. Температураның бірден төмендеуі жүрек ұстамасына әкелуі мүмкін;

Күннен қорғайтын көзілдірік киіңіз. Көз бұлшықеттеріне күш салу қан тамырларының қысылуына әкеледі;

Ыстық күндері кептірілген өрік, мейіз, банан, қарақұмық, бадана жеңіз. Олар калий мен магнийге бай, сондықтан жүректің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі;

Әйел адамда болатын циститті емдеу
Қар суының пайдасы туралы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу