Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Үйдің таза болуы қашанда маңызды. Тазалық бар жерде ерекше көңіл-күйдің болары сөзсіз. Үйдегі әрбір заттың тазалығы маңызды орын алады. Ал раковинаның (шұңғылша) тазалығы бәрінен маңызды. Майда қоқыстар бірте-бірте жиналып, құбырды толтырады. Бұндай проблема болмасы үші сіздермен үй жағдайында раковинаны қалай тазалау керектігі жайлы кеңестерімізбен бөлісеміз.
Ас содасы
Асханада болатын кез келген мәселеде бірінші көмекке ас содасы келеді.
Раковинаға 3 ас қасық ас содасын салып, үстінен қайнаған ыстық су құйыңыз. Ас содасы құбырдағы майларды ерітіп тазалайды.
Осы мөлшердегі ас содасы мен сірке суын стаканға салып, су қосамыз. 10-15 минутқа қалдырып, дайын болғасын раковинаға құямыз. Үстінен және ыстық су құю қажет. Бұл тәсілден соң құбырда химиялық реакция болып, майлар ери бастайды.
Бір стаканға ас содасы, сірке су және кір жуатын ұнтақты араластырып аламыз. 20-30 минуттан соң ыстық сумен раковинаны жақсылап жуамыз.